meta charset="utf-8"> Қазақша портал

Бөлім: «Балаларға арналған тақпақтар»

Балаларға, мектепке, балабақшаға, бастауышқа арналған әр-түрлі тақырыпта тақпақтар жинағы
Әкелерім айбынды
Әкелерім айбынды, Беретін қайрат, бар күшін. Аман жүрші Әкелер, Алға басып әр ісің...
©  Әкелер күні
Әке деген ұлы есім
Әке деген ұлы есім, Бізге қуат беретін. Аман болшы Әкелер, Бізді жақсы көретін.
©  Әкелер күні
Бар жақсыны тілейміз Әкелерге
Бар жақсыны тілейміз, Әкелердің күнінде. Бақыт, шаттық тербелсін, Әкелердің үнінде.
©  Әкелер күні
Құтты болсын Әкелердің күні бұл
Құтты болсын баршаға, Әкелердің күні бұл. Тәрбиеге бастайтын, Әкелердің үні бұл.
©  Әкелер күні
Әке деген асылдар
Әке деген Асылдар, Бар жақсыны беретін. Аман болшы Әкелер, Бізді жақсы көретін...
©  Әкелер күні
Әке біздің күніміз
Әке біздің күніміз, Жылуымен барайтын. Әке біздің үніміз, Бар үмітті жалғайтын.
©  Әкелер күні
Әке біздің жанымыз
Әке біздің жанымыз, Шуақты атар таңымыз. Аман жүрші Әкелер, Бақытты боп бәріңіз.
©  Әкелер күні
Әке деген асыл жан
Әке деген асыл жан, Таудай бақыт беретін. Қулай қалсақ сүрініп, Қасымызға келетін.
©  Әкелер күні
Әкелердің барында
Тыныш біздің жанымыз, Әкелердің барында. Аман жүрші Әкешім, Қуанамын барыңа...
©  Әкелер күні
Асқар таудай әкелер
Асқар таудай Әкелер, Қуанышың көп болсын! Орындалып арманың, Уайымыңыз жоқ болсын!
©  Әкелер күні
Саулығыңыз мықты боп
Әкелерім ардағым, Орындалсын арманың. Саулығыңыз мықты боп, Сәтті атсын таңдарың.
©  Әкелер күні
Аман жүрші Әкелер
Аман жүрші Әкелер, Шаттық ойнап жүзіңде. Саулығыңыз мықты боп, Бақытты боп күніге.
©  Әкелер күні
Әкелердің күнінде
Қуана түс Әкелер, шаттана түс, Әкелердің күнінде бүгінгі бұл. Әрбір сәттен Әкелер бақ таба түс, Жан дүниеңді тербелеп ән менен жыр.
©  Әкелер күні
Әкелердің күнімен
Құттықтаймын бүгінгі, Әкелердің күнімен. Аман болсын Әкелер, Күлкі кетпей жүзінен.
©  Әкелер күні
Бүгін біздің мереке, қуантатын
Бүгін біздің мереке, қуантатын, Шаттанамыз, күлеміз, ойнақтаймыз. Әкеміз бен анамыздың арқасында, Асыр салар бақытты тайлақтаймыз...
©  Халықаралық балалар күні
Рахмет Әке, анашым
Бізді ойлап жүретін, Сыйлықтарын беретін. Мерекеде бүгінгі, Бізге көңіл бөлетін. Рахмет Әке, анашым, Бізді жақсы көретін.
©  Халықаралық балалар күні
Рахмет сізге аташым
Бірінде бұл маусымның, Табылатын қасымнан. Көп рахмет аташым, Қуантатын жасымнан.
©  Халықаралық балалар күні
Әжетайым рахмет
Баланы қорғау күнінде, Сыйлық беріп, ойнатар. Әжетайым рахмет, Жанға шуақ бойлатар.
©  Халықаралық балалар күні
Анашымдай жан барма
Мерекеде қуантар, Анашымдай жан бар ма? Сыйлықтарын жолдайтын, Әкешімдей жан бар ма? Рахмет әке, анашым, Жетелейтін заңғарға
©  Халықаралық балалар күні
Балалардың мейрамы
Бірінші маусым мереке, Балаларды қорғайтын. Қуан, шаттан балалар, Күнің болып балдайтын.
©  Халықаралық балалар күні
Мерекеде бүгінгі
Мерекеде бүгінгі, Шаттанайық бірге біз. Бар жақсыны тілейік, Дұға етіп күнде біз.
©  Халықаралық балалар күні
Бүгін біздің мереке
Балаларды қорғайтын, Бүгін біздің мереке. Балақайлар баршаңа, Құтты болсын мереке.
©  Халықаралық балалар күні
Барлық әлем бізбенен
Барлық әлем бізбенен, Қуанады балаша. Қуанышын сыйлайтын, Өмір балдай тамаша.
©  Халықаралық балалар күні
Әрбір үйдің еркесі
Әрбір үйдің еркесі, Ойнақтаған баламыз. Мерекеде бүгінгі, Әсем әнге саламыз.
©  Халықаралық балалар күні
Ең бақытты баламыз
Мерекені тойлайтын, Ең бақытты баламыз. Асыр салып,  ойнақтап, Жұлдыздайын жанамыз.
©  Халықаралық балалар күні