meta charset="utf-8"> Қазақша портал

Бөлім: «Балаларға арналған тақпақтар»

Балаларға, мектепке, балабақшаға, бастауышқа арналған әр-түрлі тақырыпта тақпақтар жинағы
Анашым  сен ардағым
Анашым  сен ардағым, Орындалсын арманың. Саулығыңыз мықты боп, Сәтті атсын таңдарың.
©  Аналар күні
Апалардың күні бұл
Аналардың күні бұл, Құтты болсын Анашым. Жайнап жылы жүзіңіз, Аман жүрші Анашым.
©  Аналар күні
Ден сау болып Анашым
Ден сау болып Анашым, Амандықта жүр лайым. Күлімдей түс, шаттана, Жүзің  жайнап әрдайым.
©  Аналар күні
Аман жүрші Анашым
Аман жүрші Анашым, Көңіліңіз гүл жайнап. Аналардың күнінде, Қуанышта жүр ойнап.
©  Аналар күні
Жадыраңыз Анашым
Жадыраңыз Анашым, Әр күн сайын күлімдеп. Қуанышта,  шаттықта, Жайнай түссін жүзің тек.
©  Аналар күні
Аналардың күнінде
Анашым-ау мейрімді, Шаттық болсын жүзіңде. Қуана түс Анашым, Аналардың күнінде. 
©  Аналар күні
Анашым-ау ардақты
Анашым-ау ардақты, Құтты болсын мерекең. Аналардың күнінде, Арта берсін берекең.
©  Аналар күні
Аналардың күнімен
Құттықтаймын Анашым, Аналардың күнімен. Ортамызда жүрші аман, Күлкі кетпей жүзіңнен.
©  Аналар күні
Құтты болсын Анашым
Құтты болсын Анашым, Аналардың күні бұл. Ортамызда күлімдеп, Анашым-ау аман жүр.
©  Аналар күні
Әкешім сен аман жүр
Әкешім сен аман жүр, Күлім қағып жүздерің. Жаратқаным жар болсын, Сәтті өтіп күндерің...
©  Әкелер күні
Құтты болсын Әкешім
Құтты болсын Әкешім, Бүгін шаттық, мереке. Әкелердің күні бұл, Берсін үйге береке.
©  Әкелер күні
Өзіңіздей жан Әке
Бар ма екен ғаламда, Өзіңіздей жан Әке. Қуанышта, шаттықта, Атсын сәтті таң Әке. Мерекеңмен бүгінгі, Құттықтаймын сізді мен. Жақсы көрем Әкешім, Бұл..
©  Әкелер күні
Жақсы көрер Әкемсің
Жақсы көрер Әкемсің, Бізді жақсы көретін. Ұлыма деп, қызыма, Бар жақсысын беретін. Құтықтаймын Әкешім, Әкелердің күнімен. Бар жақсыны тілеймін..
©  Әкелер күні
Жақсы көрем, Әкешім
Жақсы көрем, Әкешім, Әрқашанда өзіңді. Жақсы көрем, Әкешім, Баурап алар сөзіңді. Әкелердің күнінен, Құттықтаймын мен сені. Амандықта жүрші Әке, Биік..
©  Әкелер күні
Ауырмашы Әкешім
Ауырмашы Әкешім, Жадырай түс жаздайын. Қасымызда жүрші аман, Жүзің жайнап әрдайым.
©  Әкелер күні
Әкем менің ерекше
Әкем менің ерекше, Мені жақсы көретін. Еркелетіп біздерді, Бар жақсысын беретін.
©  Әкелер күні
Әкешімсің жүрегім
Әкешімсің жүрегім, Аман жүрші, тілегім. Немере сүй, шөбере, Өзіңізге тілерім.
©  Әкелер күні
Әкешім сен бақытым
Құтты болсын мерекең, Әкешім сен бақытым. Саулығыңыз мықты боп, Қызықты өтсін уақытың.
©  Әкелер күні
Әкешім сен аман жүр
Әкешім сен аман жүр, Ортамызда күлімдеп. Біз жүрейік Әкешім, Өзіңізге еркелеп...
©  Әкелер күні
Әкешім сен Асқар тау
Әкешім сен Асқар тау, Құтты болсын мерекең. Әкелердің күнінде, Ән, жырыммен тербетем.
©  Әкелер күні
Әке деген атыңыз
Әке деген атыңыз, Бізге қуат береді. Аман жүрші Әкешім, Біздерге ең керегі.
©  Әкелер күні
Аман жүрші Әкешім
Аман жүрші Әкешім, Сәтті өтіп күніңіз. Әкелердің күнінде, Жадырасын жүзіңіз.
©  Әкелер күні
Құттықтаймын Әкешім
Құттықтаймын Әкешім, Әкедердің күнімен. Сізді жақсы көремін, Баурап алар үніңмен...
©  Әкелер күні
Әкешім менің Әкешім
Әкелердің күнімен, Құттықтаймын мен сізді. Әкешім сол Әкешім, Жақсы көрем мен сізді.
©  Әкелер күні
Әкелерім қайратты
Әкелерім қайратты, Бар жақсысын беретін. Ұл-қызым деп, немере, Көңілге күй сабетін.
©  Әкелер күні