meta charset="utf-8"> Қазақша портал

Бөлім: «Балаларға арналған тақпақтар»

Балаларға, мектепке, балабақшаға, бастауышқа арналған әр-түрлі тақырыпта тақпақтар жинағы
Тағы бір хат
Ежелгі тәртібімді бұзбайын да,Өлең жаздым,Алматы,Сіз жайында.Сәлем айт терек-ұлға,қыз-қайыңға!Әр көшеңіз —әуен ғой әлеуметтік,Сіз Бас шумақ..
©  Ертай Ашықбаев
Таң
Жұлдыздарын жинап болды Ай мақтап,Жапырағын сілкіп қойды жайлап бақ.Мең-зең болып кірпік ашты Ақтөбе,Ілгері озған бір сағатты ғайбаттап.Бұл Ақтөбе..
©  Ертай Ашықбаев
Ескі елес
Мен деген — үнсіз ғаламмын,Қоштасқам дүрмектеріммен.О, не деп тұрсыз маған, Мұң,Не істеуге міндетті едім мен?Тоқтадым ескі өлеңіме,Білмеймін, қанша..
©  Ертай Ашықбаев
Бағдаршам
Үш көзді дәу – қырағыЖолторапта тұрады.Ашса кезек үш көзін,Айтты деп ұқ үш сөзін:Тоқта! Сақтан! Жол ашық!Жүрме жолға таласып!Қызыл көзін..
©  Ертай Ашықбаев
Әдепті бала
Ана тілін аламын,Әке тілін аламын:Қартқа қамқор боламын,Мен – әдепті баламын.
©  Ертай Ашықбаев
Өсірген анамыз
Жер ана – панамыз,Ел ана – данамыз:Өзгеше бәріненӨсірген анамыз.Сүйікті анағаҚамқоршы боламыз.
©  Ертай Ашықбаев
Біз бақытты баламыз
Аман болса анамыз,Біз – бақытты баламыз.Анамызды ардақтап,Шырқап әнге саламыз.Шынары боп өсеміз,Шырағы боп жанамыз.
©  Ертай Ашықбаев
Наурыз тойын тойлаймыз
Алақай-ау, балалар,Айналаға қараңдар:Бұлттар төгіп көктен нұр,Гүл тағынып көктем жүр.Шаттанамыз, ойнаймыз:Наурыз тойын тойлаймыз.
©  Ертай Ашықбаев
Ана – біздің күніміз
Ана – біздің күніміз,Ананың біз – гүліміз:Бәрімізді қуантып,Ұзақ өмір сүріңіз.
©  Ертай Ашықбаев
Ағатайым
АғатайымКүнде дәйімЖүреді маған күлімдеп.Жақсы бағаАлсам ағамСүйеді мені, күнім деп.Алып жақсы бағамды,Қуантып жүрмін ағамды.
©  Ертай Ашықбаев
Бөпетайым
Бөпетайым іңгәлады,Әлдилесем тыңдамады.Емізгенде мамам келіп,Ақ мамасын бөпем еміп,Оймақ ерні бүлкілдеді,Онысына күлкім келді.Өзі қандай сүйкімді..
©  Ертай Ашықбаев
Әдеппен сөйлеп әдеттен
Үлкенге сіз деп иіліп,Сыйласаң, ол да сүйініп,Мақтайды жақсы бала деп,Жақсыда ақыл-сана көп.Әрқашан озба әдептен:Әдеппен сөйлеп әдеттен.
©  Ертай Ашықбаев
Қош бол, балабақшамыз!
Өстік – жеті жастамыз,Өнерпаз жас баламыз.Қош бол, балабақшамыз,Біз мектепке барамыз.Біз мектептен аялыОқып, білім аламыз.Қош болыңыз, аяулыТәрбиеші..
©  Ертай Ашықбаев
Күлдірген мен бүлдірген
Жайқалып тұр бүлдіргенЖағажайда көрікті.Бүлдіргенді КүлдіргенЕтегіне теріпті.Ақ көйлектің етегінҚызыл шырын бүлдірді.«Шырын сүртсем кетеді», –Деп ол..
©  Ертай Ашықбаев
Тыңда, бөпем
Тыңда, бөпем,Қызық ертек айтайын.Қандай екенЗейініңді байқайын.ЕстігендіАйтып берсең қайтадан,Есті, жөндіАқылды деп айта алам.
©  Ертай Ашықбаев
Сыйлық
Көкем сыйға үш шар берді,Үш әріпті жаздым оған!«А-н-а» деген сөзді көрді,Алғыс айтты анам маған.Қалықтады қатар түзгенҮш әріпті..
©  Ертай Ашықбаев
Тауықтың балапаны
Бұл балапан қандай мықты,Жұмыртқаны жарып шықты.Шыға салып ерінбеді,Жемін өзі теріп жеді.Қондырып ап алақанға,Жем беремін балапанға.
©  Ертай Ашықбаев
Сегізінші наурыз
Сегізінші наурыздаҚызмет етіп бар қызға,Гүл ұсынып, жайнатып,Шаттық күйін ойнатып,Мерекені қарсы алып,Би билейміз, ән салып.
©  Ертай Ашықбаев
Жұлдыз
Жұлдыздың көк тұрағы,Түнде жайнап тұрады.Өйткені ол – көріктіКөк аспанның шырағы.
©  Ертай Ашықбаев
Бәйшешек
– Бұл қай шешек?– Гүл – бәйшешек.Қар астында өседі.Күнді көргенГүлдің өнгенҮсімейді шешегі.
©  Ертай Ашықбаев
Бал бөпем
Бал-бал бөпем, бал бөпем,Бал жемістен ал, бөпем.Шырынына қан, бөпем:Шырқап әнге сал, бөпем.
©  Ертай Ашықбаев
Көктемде
Көктем кеп,Көкпеңбек жер беті.НұрландыГүлзарлы келбеті.Жайнап бақ,Ойнақтап төліміз.Жер-көктеЕңбекте еліміз.
©  Ертай Ашықбаев
Ата, асқа келіңіз
Ата, асқа келіңіз,Ас мәзірін көріңіз:Балдай шырын ас ішіп,Батаңызды беріңіз. 
©  Ертай Ашықбаев
Баба әжем
Баба әжем – киелім:Басымды иемін.Жаулығын иіскеп,Жанымдай сүйемін.
©  Ертай Ашықбаев
Анаң келді
«Айналайын, күнім!» – деп,Анаң келді күлімдеп:Алақай-ау! Алақай!Ал қуанғын, балақай:Аяқты бас: топ-топ! – Топ!Алақанды: соқ-соқ! – Соқ!
©  Ертай Ашықбаев