Бөлім: «Балаларға арналған тақпақтар»
Балаларға, мектепке, балабақшаға, бастауышқа арналған әр-түрлі тақырыпта тақпақтар жинағы
Әкелерге мың алғыс!
Алақанда мәпелер, «Адам бол» деп жетелер. Әкелерге мың алғыс, Әрбір сөзін елетер! Жібек Искакова
© Алғыс айту күні
Балаларға мың алғыс!
Өздеріне қаратар, Қуанышын таратар. Балаларға мың алғыс, Бақытына балатар. Жібек Искакова
© Алғыс айту күні
Сәбилерге мың алғыс!
Қылығымен баурайтын, Көңілдерді аулайтын. Сәбилерге мың алғыс, Әр сөздері балдай тым. Жібек Искакова
© Алғыс айту күні
Ән-жырыма мың алғыс!
Жүректерді тербейтін, Көңіл-күйді емдейтін. Ән-жырыма мың алғыс, Ешқашанда өлмейтін! Жібек Искакова
© Алғыс айту күні
Ай-жұлдызға мың алғыс!
Түннің сәнін келтірер, Көңілге күй шертілер. Ай-жұлдызға мың алғыс, Арнайы сый етілер. Жібек Искакова
© Алғыс айту күні
Күн нұрына мың алғыс!
Арайлы таң ататын, Қызаратын, бататын. Күн нұрына мың алғыс, Күлімдеп үн қататын. Жібек Искакова
© Алғыс айту күні
Өзге ұлтқа мың алғыс!
Елімізде тұратын, Бар көңілін бұратын. Өзге ұлтқа мың алғыс, Көңілге күй қылатын. Жібек Искакова
© Алғыс айту күні
Өз жұртыма мың алғыс!
Сыйластықпен үн қатар, Жақсылыққа құмартар. Өз жұртыма мың алғыс, Қиын сәтте жұбатар.Жібек Искакова
© Алғыс айту күні
Өз ұлтыма мың алғыс!
Қанымыз бір, жанымыз, Арайлы атар таңымыз. Өз ұлтыма мың алғыс, Баға жетпес барымыз. Жібек Искакова
© Алғыс айту күні
Отаныма мың алғыс!
Қазақ — деген аты бар, Өзгермейтін салты бар. Отаныма мың алғыс, Туғаны бар, жаты бар. Жібек Искакова
© Алғыс айту күні
Туған жерге мың алғыс!
Өзені бар, суы бар, Орманы бар, нуы бар. Туған жерге мың алғыс, Таңғажайып сыры бар! Жібек Искакова
© Алғыс айту күні
Алғыс айту
Түнде таңды атырған, Кешке айналып, батырған. Жаратқанға мың алғыс, Бар жақсысын шақырған! Жібек Искакова
© Алғыс айту күні
Наурыз
Кетіп қыстың ызғары,Еріп сұсты мұздары,Наурыз келді көктем боп,Күлім қағып қыздары.Желектеніп гүл басы,Наурыз келді – жыл басы.Жылтырады..
© Абдрахман Асылбек
Анашым
Айналайын анашым,Ақылы асқан данасың.Дүниеде жоқ шығар,Сенен өткен жан асыл.Аймалаған баласынМейірбанды анасың.Сәл көрмесең сағынып,Құшағыңа..
© Абдрахман Асылбек
Жақсы мен жаман
Жақсы деген немене? –Әдеп пенен өнеге:Үлкендерді сыйлауың,Ақыл сөзін тыңдауың.Кішілерге берерің –Бойыңдағы өнерің.Жаман деген жақсы емес,Жей қоятын..
© Абдрахман Асылбек
Біздің қол
Ұл:Менің қолым керемет,Саусақтарым сиқырлы.Ағаштарды шегелеп,Тарта білер күй түрлі.Қыз:Менің қолым сап ирек,Тіге алады кестені.Отты жағып, нан..
© Абдрахман Асылбек
Ана тілім
Ана тілін білмесең,Қадірлісің кімге сен?Өзге тілге шырмалып,Адасасың бірге сен.Ана тілін білмесең,Қадірлісің кімге сен?Өз ұлтыңды ұмытып,Жоғаласың..
© Абдрахман Асылбек
Құлыным
Жазда болдым жайлауда,Уақыт жоқ ойнауға.Көмектестім апама,Көмектестім атама.Төлдерменен таныстым,Тайға міндім, жарыстым.Талай істі меңгердім,Құлыныма..
© Абдрахман Асылбек
Тыңдай білем
Тыңдай білем атамды,Тыңдай білем апамды.Сондықтан да атамнанАлғыс алдым, бата алдым.Тыңдай білем атамды,Тыңдай білем апамды.Сондықтан да..
© Абдрахман Асылбек
Тіл қатады шөптер де
Арайланған таңдарда,Шықшы, қалқам, аңғарға.Самал желмен тербеліп,Тіл қатады талдар да.Қалың нуға кіргенде,Бұлғақтайды бүрген де.Желектері..
© Абдрахман Асылбек
Жан дүнием
Жан дүнем ізгіліктен жаралған,Жүрегімнен күн шуағы таралған.Адамдарды ардақ тұтып, аялап,Тек жақсылық жасай беру – бар арман.Бұл өмірде не болмайды..
© Абдрахман Асылбек
Менің жадым
Ойнай бермей, ойлашы,Ой түбіне бойлашы.Менің жадым – сыр сандық,Ақылымның қоймасы.Ата сөзін тыңдаймын,Ана сөзін тыңдаймын.Жаттап алып жақсысын,Жаман..
© Абдрахман Асылбек
Тәнім менің тіл қатар
Бал, балақан, ойлашы,Ой түбіне бойлашы.Он екі мүшең түп-түгелТіршіліктің қоймасы:КөзЖақсы, жаман неменіңМен бәрін де көремін.Жаманынан қашықтап,Қалап..
© Абдрахман Асылбек
Тәнім менің тіл қатар
Бал, балақан, ойлашы,Ой түбіне бойлашы.Он екі мүшең түп-түгелТіршіліктің қоймасы:КөзЖақсы, жаман неменіңМен бәрін де көремін.Жаманынан қашықтап,Қалап..
© Абдрахман Асылбек
Жұмбақ өлең
Бір суретте бар адам –Бір атадан тараған.Байыппенен санашы:Үш әке, үш баласы,Екі ата, екі немере,Бір баба, бір шөбере.Канша болар барлығы?Кім табады..
© Абдрахман Асылбек