Бөлім: «Балаларға арналған тақпақтар»
Балаларға, мектепке, балабақшаға, бастауышқа арналған әр-түрлі тақырыпта тақпақтар жинағы
Қой
Мен момақан қойыңмынЕш бір жанға тимеймін,Жүн беремін киімгеӨзім бірақ кимеймін.
© Баянғали Әлімжанов
Ешкі
Егіз лақты ешкімізҚой бастайды серкеміз,Жеңіл, жылы шәлігеТүбіт берген еркеміз!
© Баянғали Әлімжанов
Түйе
Мен түйемін, таудаймынКеруен тартар қуатым,Көп күн шөлге шыдаймынДертке шипа шұбатым!
© Баянғали Әлімжанов
Сиыр
Мен мүйізді сиырмын,Бұзауымды іздеймін,Сүт пен қаймақ беремінБалаларды сүзбеймін!
© Баянғали Әлімжанов
Жылқы
Қымыз берген жылқымынКөк шалғында аунаймын,Мінгізіп ап балалардыЖелдей ұшып заулаймын!
© Баянғали Әлімжанов
Ертегі
Ерте, ерте, ертеніАңыз қылған, ән қылған,Кел, ертегі тыңдайықАта-бабаң қалдырған!
© Баянғали Әлімжанов
Әліппе
Бізді үйреткен оқуғаБізді үйреткен әріпке,Білім, ғылым бастауыМың рақмет, әліппе!
© Баянғали Әлімжанов
Ән мен күй
Әжетаймен қосылыпӘсем әнді айтамын,Домбырасын атамныңКүмбірлетіп тартамын.Әжеміздің әніндеЕліміздің жыры бар,Атамыздың күйіндеДаламыздың сыры бар!
© Баянғали Әлімжанов
Қарындас
Қарындасым жүгірсеЖелпілдейді тұлымы,Сөйлегенде еркелепСондай тәтті қылығы!
© Баянғали Әлімжанов
Аға
Мен боламын жақсы аға,Дейді сенсің жақсы іні,Сөйтіп алып қоядыАтам берген тәттіні!
© Баянғали Әлімжанов
Ана
Нұрын төккен мейірліЖақсы көрем анамды,Бөбегім деп сүйгендеМөлдірейді жанары!
© Баянғали Әлімжанов
Әке
Менің әкем еңбекқорАсқар таудай тұлғасы,Балалардың тірегіЖақсылардың жолдасы!
© Баянғали Әлімжанов
Бауыр
Бірге туған бауырменОйыншыққа таласып,Төбелеспей, тату болТай-құлындай жарасып!
© Баянғали Әлімжанов
Бала
Бала, бала, балдырғанӨмір отын жандырған,Күн нұрындай күлімдепКөз мейірін қандырған.
© Баянғали Әлімжанов
Отбасы
Отбасымыз – құт мекенОттай ыстық ұямыз,Балапандай шүпірлепҰямызға сиямыз.Жанұяны саялапБақытты күй кешеміз,Ата-анамыз аялапАзамат боп өсеміз!
© Баянғали Әлімжанов
Дала
Атыңды жаттап өсемінАңызымен атаның,Дархан дала, кең далаМенің туған Отаным!
© Баянғали Әлімжанов
Қазақстан туы
Көк туым күнге еркелепҚырандай көкте қалықта,Шаттыққа толып шаңырақКөркейіп елім, шарықта!
© Баянғали Әлімжанов
Мен – қазақтың баласы
Байтақ жатқан даласыБатыр болған бабасы,Білім қуған, ой қуғанМен – қазақтың баласы!
© Баянғали Әлімжанов
Бала болғым келеді
Бала болғым келеді, күліп-ойнап,Шын жүрекпен өмірді сүйіп, күйіп. Ештеңені ойламай, асыр салып,Бала болып, балалыққа масайып. Қайтқым келед(і) бала..
© Алина Ғалым