meta charset="utf-8"> Қазақша портал

Бөлім: «Жұмбақтар жинағы»

Жұмбақ – адамның ой-өрісін, алғырлығын, білімін сынау мақсатында нақты бір зат немесе құбылыс тұспалдап сипатталатын шағын әдеби жанр.
Жұмбақ жанры дүние жүзі халықтары әдебиетінің көпшілігінде бар. Бұл жанрға Аристотель “Жұмбақ – жақсы жымдасқан метафора” деп анықтама берген. Жұмбақ әдебиеттің ежелгі үлгілерінде, ауыз әдебиетінде жиі кездесетіндіктен оны ғылымда “фольклорлық жанр”, “халықтық поэзияның шағын түрі” деп санау орын алған. Алайда, қазіргі заман әдебиеті өкілдерінің, әсіресе, балалар әдебиеті авторларының шығарм-ғында Жұмбақтар топтамасы жиі кездеседі. Сондықтан оны тек фольклорлық жанр аясында шектеуге болмайды.
Түрі - жылқы бейнесі,
Жолақ-жолақ жейдесі.

Жауабы: Зебра
Аяғы бар, басы бар,
Арқасында тасы бар.

Жауабы: Тасбақа
Орманда оның тұрағы
Тоқ-тоқ етіп тұрады.

Жауабы: Тоқылдақ
Басында үшкір істігі бар,
Өзіне лайықтап тон пішкен,
Секіріп тастан түскен.

Жауабы: Ешкі
Бұл не қылған ер еді?
Қандай мықты жүрегі.
Түздің маңғаз түлегі,
Бір ұрттам су татпастан,
Мың шақырым жүреді.

Жауабы: Түйе
Шәкiртке жанашыр,
Мейiрман кiм, жаны асыл?

Жауабы: Ұстаз
Бiлiмнiң дәнiн тередi,
Балаға тәлiм бередi.

Жауабы: Ұстаз
Ұшымен қазық
Тор көздi жазық.
Үстiне өттiм,
Асыл сөз жазып

Жауабы: Дәптер
Кiшкене құдықтан,
Найза ұшты шыбығым,
Су iшiп құныққан.

Жауабы: Сиясауыт
Қабы сояу,
Дiнi – бояу.

Жауабы: Қарындаш
Қысқа таяқ дiңi бар,
Шиырлаған iзiнде
Сайрап тұрар тiлi бар.

Жауабы: Қарындаш
Ойларынды аңсаған,
Асыл сөздi ақ алаңға,
Түсiруден шаршаған,
Мен емеспiн әмәнда.

Жауабы: Қалам
Жіп-жіңішке денесі,
Ортасында шегесі.

Жауабы: Қарындаш
Екі басты айдаһар
Бәрін қырып жояды.
Екі аяқпен жер тіреп.
Қағазды жеп қояды.

Жауабы: Қайшы
Уақытты өлшеп, санап,
Таппайды бір тағат.
Бұл не сонда?…

Жауабы: Сағат
Жазу жазып жалықпаған,
Жаза-жаза арықтаған.

Жауабы: Бор
Шұқшитқан кеп әуелі,
Сені әрбір әріпке.
Суреттері әдемі,
Бұл қай кітап?

Жауабы: Әліппе
Қиналып көтеріп,
Өзінен ауырды.
Жорғалап кетеді,
Жүкшідей кәдімгі.

Жауабы: Құмырсқа
Мұрты бар, сақалы жоқ,
Тоны бар, шапаны жоқ.

Жауабы: Мысық
Бейбітшілік құсы деп,
Атайды оны барша жұрт.

Жауабы: Көгершін
Қыста киімін тастайды,
Көктемде киіне бастайды.

Жауабы: Ағаш
Ұшады қанатсыз,
Зырлайды аяқсыз.

Жауабы: Зымыран
Аспанда жүзеді,
Қанатын қақпайды.
Жерде де жүреді,
Бауырлап жатпайды.

Жауабы: Ұшақ
Бір-біріне қарай үйлер тіркесіп,
Қара тұлпар жүр әрі-бері көшіп.

Жауабы: Поезд
Сымға асылып,
Жүр асығып.
Дыз-дыз етіп жүрегі,
Сымнан ұстап жүреді.
Өзіне адам мінеді,
Ол не, ал кім біледі?

Жауабы: Троллейбус