meta charset="utf-8"> Қазақша портал

Бөлім: «Жұмбақтар жинағы»

Жұмбақ – адамның ой-өрісін, алғырлығын, білімін сынау мақсатында нақты бір зат немесе құбылыс тұспалдап сипатталатын шағын әдеби жанр.
Жұмбақ жанры дүние жүзі халықтары әдебиетінің көпшілігінде бар. Бұл жанрға Аристотель “Жұмбақ – жақсы жымдасқан метафора” деп анықтама берген. Жұмбақ әдебиеттің ежелгі үлгілерінде, ауыз әдебиетінде жиі кездесетіндіктен оны ғылымда “фольклорлық жанр”, “халықтық поэзияның шағын түрі” деп санау орын алған. Алайда, қазіргі заман әдебиеті өкілдерінің, әсіресе, балалар әдебиеті авторларының шығарм-ғында Жұмбақтар топтамасы жиі кездеседі. Сондықтан оны тек фольклорлық жанр аясында шектеуге болмайды.
Тетіктерін игеріп,
Алсаң тілін үйреніп.
Ұшырады аспанда,
Алып қанат «инелік».

Жауабы: Ұшақ
Бір итім бар үрмейді,
Ары-бері жүрмейді.
Тамақ берсең жемейді,
Су ішуді білмейді.
Ол тұрғанда еш адам,
Үй ішіне кірмейді.

Жауабы: Құлып
Бiрi – ағаш кесу құралы,
Бiрi – шырынды бал бұлағы.

Жауабы: Ара
Атамыздың туылған жылын сұраған едік. Туылған жылын 131-ге бөлсе 112, 132-ге бөлсе 98 шығады деді, атамыз қай жылы туылды?

Жауабы: 1946 жыл
Теңіздің түбінен, салмағы бірдей және судан жеңіл болған және бірінің диаметрі екіншісінен екі есе үлкен болған екі доп жіберілсе, қай доп судың..
Өзеннің бір жағасында 10 метр, арғы жағасында 15 метр биіктікте екі ағаш тұр. Екі ағаштың төбесінде бір-бір құстан қонып тұр. Өзеннің ені 25 метр...
Жеп көріп ем өзін мен,
Жас шығарды көзімнен.

Жауабы: Пияз
Қысы-жазы өзгермес,
Көрсең де күні-түнімен.
Қанша аяз болса да,
Айрылмайды гүлінен.

Жауабы: Шырша
Төрт аяқты чемодан,
Мүйізі бар қадаған
Естімейді, сөйлейді,
Ішіндегі көп адам.

Жауабы: Теледидар
Суға батпайды,
Отқа жанбайды.

Жауабы: Мұз
Сөйлеуді ол білмейді,
Бірақ: «Тоқта!» «Жүр!» – дейді.

Жауабы: Бағдаршам
Екі құлағы мен бір аузы
Мықты қолы бар,
Су құясың, топырақ саласың,
Оған риза боласың.

Жауабы: Шелек
Басында айдары бар,
Иегінде сақалы бар.

Жауабы: Әтеш
Төрт аяғы дөңгелек
Қозғалады орнынан,
Жүреді ол дөңгелеп,
Жүйіткиді желменен,
Дауысы бар гүрілдек.

Жауабы: Машина
Сыртылдайды шәйнегін
Ұнатпаса да жұрт мейлі
Терезенің әйнегін
Жуады бірақ сүртпейді.

Жауабы: Жаңбыр
Бір нәрсе өзі молда, өзі жорға,
Құрады жібек ауды оң мен солға.
Тартқанда машинасын оң мен солға,
Табады қаражатын сонда зорға.

Жауабы: Өрмекші
Жердің жүзін шарлайсың
Онсыз еш жерге бармайсың
Көлікпен де, жаяу да
Саралайсың, таңдайсың.

Жауабы: Жол
Көп болса алыстайсың мезетпен қашықтайсың
Асықсаң аз болады
Табасың мұны қайсысың?

Жауабы: Уақыт
Ызақор бұғып жатыр,
Сақалы шығып жатыр.

Жауабы: Жуа
Жасыл ала дөңгелек,
Бақшада жатыр дөңгелеп.

Жауабы: Қарбыз
Бес қаруы белінде
Самғап жүреді көгімде.

Жауабы: Бүркіт
Қозғалмастан бір елі,
Түні бойы жүреді.

Жауабы: Сағат
Арқаңызбен толықтай дуалға сүйеніп түрегеп тұрыңыз. Аяқ ұшынан (бармақтардан) 15 см алдына сіріңке құтысын қойыңыз. Енді сол құтыны аяқтарыңызды..
Қолымызда екі жұмыртқа бар. Біреуі піскен, біреуі шикі. Қайсысының піскен екендігін, ал қайсысының шикі екендігін қалай анықтауға болады?

Жауабы:..
Автокөлігіңіздің артқы орындарында балаңыз отыр. Қолында газ толы шар бар. Бала шардың жібін шар төбеге тимейтіндей етіп ұстап отыр. Бүкіл терезелер..