meta charset="utf-8"> Қазақша портал

Бөлім: «Жұмбақтар жинағы»

Жұмбақ – адамның ой-өрісін, алғырлығын, білімін сынау мақсатында нақты бір зат немесе құбылыс тұспалдап сипатталатын шағын әдеби жанр.
Жұмбақ жанры дүние жүзі халықтары әдебиетінің көпшілігінде бар. Бұл жанрға Аристотель “Жұмбақ – жақсы жымдасқан метафора” деп анықтама берген. Жұмбақ әдебиеттің ежелгі үлгілерінде, ауыз әдебиетінде жиі кездесетіндіктен оны ғылымда “фольклорлық жанр”, “халықтық поэзияның шағын түрі” деп санау орын алған. Алайда, қазіргі заман әдебиеті өкілдерінің, әсіресе, балалар әдебиеті авторларының шығарм-ғында Жұмбақтар топтамасы жиі кездеседі. Сондықтан оны тек фольклорлық жанр аясында шектеуге болмайды.
Тұмсығымен қозғалар,
Соңынан аппақ із қалар.

Жауабы: Бор
Жануарға ұқсас атым бар,
Бағдар көрсетер затым бар.
Кілемше үстінде тұрамын
Ең қажетті құралмын.

Жауабы: Компьютер тышқаны
Төртбұрышты әйнек
Тұнып тұрған әлем.

Жауабы: Монитор
Ақпараттарды шығарады,
Бұл құрылғы қалай аталады?

Жауабы: Баспа құрылғысы, принтер
Биологияда бұл паразит,
Көзге зорға көрінер.
Информатикада өлшем бірлік,
Ақпаратты өлшер.

Жауабы: Бит
Төртеуі келеді,
Төртеуі асылып тұрады
Екеуі жол көрсетеді
Екеуі иттен сақтайды.
Енді біреуі артан асылып тұрады.

Жауабы: Сиыр
Бір-ақ уыс көлемім
Шыбын-шіркей қорегім
Бау-бақшаны қорғаймын
Ал атым ше?

Жауабы: Торғаймын
Төбесінде ебелек,
Ұшады өзі керемет.

Жауабы: Тікұшақ
Онда әкем-шешем тұрады,
Ата-әже бауырым.
Бәрі бірге қосылып,
Бір ұғымды құрады.

Жауабы: Отбасы
Жиып-теріп болатын
Қанбаға астық толатын
Қызыл қырман ойнайтын
Қай мезгілде болатын?

Жауабы: Күз
Гуілдейді құлаққа
Оны ешкім көрмейді.

Жауабы: Жел
Жабағыны ұшырдым
Жерге моншақ түсірдім.

Жауабы: Жаңбыр
Бақшада піседі
Көп өнім береді.

Жауабы: Көкөніс
Аппақ, бірақ сүт емес,
Аппақ, бірақ бор емес,
Аспаннан ол түседі,
Даланы ақпен жабады.

Жауабы: Қар
Əлемді 18 мың киіндіріп,
Дүниеден жап-жалаңаш өзі безді.

Жауабы: Ине
Көктемде көктеп шығады талға,
Күзде сарғайып түседі жерге.
Бұл не?

Жауабы: Жапырақ
Гүлден гүлге қонады, ара емес,
Ақ, сары боп бау-бақшаға сән береді.
Ол не?

Жауабы: Көбелек
Диаметрі 300 метр көл, оның дәл ортасында арал бар, аралдың ортасында ағаш, жағада да бір ағаш бар. Жүзу білмейсіз. Қолыңызда тек 300 метрден астам..
Шалғайда жатқан ауылға қонаққа барған бір кісі шашын қысқартпақ болады. Ауылда екі ғана шаштараз бар екен. Шығыс жақтағысына барғанында іші біраз..
2017 жылы жасы жыл сандарының қосындысына тең болған адам қай жылы туылған?

Жауабы: 2007
Құмыра
Қолымызда су құюға арналған 21 құмыра бар. 7-і толы, 7-і жартылай толы, 7-і бос. Бұларды үш адамға теңдей етіп бөлу керек, әр адамға 7 құмыра..
Төмендегі сұрақ белгінің орнына қандай сан келуі керек?
Али 21
Ғани 22
Мақсат 24
Саламат ?

Жауабы: 34 . Өйткені алғашқы сан есімдегі дауысты..
Ала таяқ ұстаған,
Жол тәртібін нұсқаған.
Өміріңді күзеткен,
Ысқырықпен түзеткен.

Жауабы: Милиционер
Көліктің қаншасын үстінен өткізген,
Іргеден басталып, алысқа жеткізген.

Жауабы: Жол
Жоқ өзінде бас та, ауызда да, құлақ та,
Бақырайған үш көзі бар бірақ та.

Жауабы: Бағдаршам