meta charset="utf-8"> Қазақша портал

Бөлім: «Жұмбақтар жинағы»

Жұмбақ – адамның ой-өрісін, алғырлығын, білімін сынау мақсатында нақты бір зат немесе құбылыс тұспалдап сипатталатын шағын әдеби жанр.
Жұмбақ жанры дүние жүзі халықтары әдебиетінің көпшілігінде бар. Бұл жанрға Аристотель “Жұмбақ – жақсы жымдасқан метафора” деп анықтама берген. Жұмбақ әдебиеттің ежелгі үлгілерінде, ауыз әдебиетінде жиі кездесетіндіктен оны ғылымда “фольклорлық жанр”, “халықтық поэзияның шағын түрі” деп санау орын алған. Алайда, қазіргі заман әдебиеті өкілдерінің, әсіресе, балалар әдебиеті авторларының шығарм-ғында Жұмбақтар топтамасы жиі кездеседі. Сондықтан оны тек фольклорлық жанр аясында шектеуге болмайды.
Шам, плита жұмысын жасай қалды,
Ал оның есептен-ақ басы айналды.

Жауабы: Электросчетчик
Бес қаруы бойында.

Жауабы: Универсал бәкі
Түгел айтсақ не барын:
Төрт құлақ та бір қарын.

Жауабы: Қазан
Сүңгіп жүр, жүзіп жүр:
Судан дәм сүзіп жүр.

Жауабы: Кепсер
Көліксіз өмір сүрмейді,
Ғұмыры жаяу жүрмейді.

Жауабы: Ер-тоқым
Жылға дер ем — ақпайды,
Жылан дер ем — шақпайды.

Жауабы: Арқан
Ағаш арық, тұйық арық:
Жылқылар жүр жиі барып.

Жауабы: Науа
Сыңар құлақ батыр
Шылым тістеп жатыр.

Жауабы: Іскенже
Жалпақ желке, сопақ бетті
Орманымды отап кетті.

Жауабы: Балта
Екі езуі құлағына жетеді.
Тамақ жесе ызың-ызың етеді.

Жауабы: Ара
Төбесінде өмір бақи төбелес,
Төзіміне оның ешкім тең емес.

Жауабы: Темір төс
Жеген асы шығады желкесінен.

Жауабы: Сүргі
Қара таудай буралар,
Қара бұйра шудалар.
Бура жерге шөгеді,
Бұлау терін төгеді.

Жауабы: Бұлт пен жаңбыр
Екі шырақтың арасында бір өзім.

Жауабы: Мұрын
Дәмі де жоқ, түсі жоқ
Пайдаланбас кісі жоқ.

Жауабы: Су
Шаңда бар,
Желде жоқ.
Тозаңда бар,
Құйында жоқ.

Жауабы: Ң әрпі
Халықта бар,
Елде жоқ.
Халатта бар,
Көйлекте жоқ.

Жауабы: Х әрпі
Терісі бар, жүні жоқ,
Жүрісі бар, ізі жоқ.
Қанаты бар ұшпайды,
Су астында қыстайды.

Жауабы: Балық
Мейізде бар,
Өрікте жоқ.
Киізде бар,
Сырмақта жоқ.

Жауабы: З әрпі
Күн күледі,
Жер түледі.
Бұл қай мезгіл?

Жауабы: Көктем
Пырылдап көкте инелік,
Инелік емес үй делік.

Жауабы: Тікұшақ
Жай көзге көрінбейді
Қозғалуға ерінбейді.

Жауабы: Молекула
Аяғы бар жүрмейді,
Аузы жоқ сөйлейді.

Жауабы: Бағдаршам
Зеректік жұмбағы...
1, 10, 3, 9, 5, 8, 7, 7, 9, 6, ?. Мына сандар бір реттілік бойына жазылған. Сұрақ белгінің орнына қандай сан келуі..
Мысық пен тышқан
Тышқан қабырғадағы тесіктен 20 қадам ұзақта. Мысық тышқаннан 5 аттам ұзақтықта. Мысық бір аттағанда тышқан 3 қадам баса алады...