meta charset="utf-8"> Қазақша портал

Бөлім: «Жұмбақтар жинағы»

Жұмбақ – адамның ой-өрісін, алғырлығын, білімін сынау мақсатында нақты бір зат немесе құбылыс тұспалдап сипатталатын шағын әдеби жанр.
Жұмбақ жанры дүние жүзі халықтары әдебиетінің көпшілігінде бар. Бұл жанрға Аристотель “Жұмбақ – жақсы жымдасқан метафора” деп анықтама берген. Жұмбақ әдебиеттің ежелгі үлгілерінде, ауыз әдебиетінде жиі кездесетіндіктен оны ғылымда “фольклорлық жанр”, “халықтық поэзияның шағын түрі” деп санау орын алған. Алайда, қазіргі заман әдебиеті өкілдерінің, әсіресе, балалар әдебиеті авторларының шығарм-ғында Жұмбақтар топтамасы жиі кездеседі. Сондықтан оны тек фольклорлық жанр аясында шектеуге болмайды.
Айдын көлді айнала
Солдаттар тұр сайлана.

Жауабы: Көз бен кipпiк
Жиса – таяқ,
Жазсаң – сая.

Жауабы: Қолшатыр
Тіріде, басы аманда
Асылып тұрар әмәнда.
Аяғы жерге тимейді,
Аязсыз күнді сүймейді.

Жауабы: Сүңгі
Көбелек секілді келгенде,
Кеткенде әбжылан сияқты.

Жауабы: Қар
Көк аспанды байытқан
Қара бұлтқа тәп-тәуір
Пайда болып ғайыптан,
Ғайып болды от-тамыр.

Жауабы: Найзағай
Ертеңгілік үлкен,
Кешкілік үлкен,
Талма түсте кішкентай.

Жауабы: Күн
Көйлек, бешпет, халат та
Киген екен қабаттап.
Ақырында июннің
Терлеп, жанып-күйгесін,
Үстегі бар киімнің
Қойды ағытып түймесін.

Жауабы:..
Кіргенде ініне сыңар-ды,
Ұрпағын ертіп ол шығарды.

Жауабы: Картоп
Іші жұмсақ, сырты қатты,
Еті қызыл, сүті тәтті.
Соғым үшін сайлап қойдым,
Бордақылап байлап қойдым.

Жауабы: Қарбыз
Тышқаннан басқа батпаған,
Бір шланг, төрт баған.

Жауабы: Піл
Құрық та салдырмай бұлқынар
Матрос майкалы жылқылар.

Жауабы: Зебра
Жел-боранда жел болып ескен,
Шекесіне сексеуіл өскен.

Жауабы: Бұғы
Мың найзалы жалғыз батыр
Жауларына алғызбай тұр.

Жауабы: Кірпі
Алдында штепсель,
Артында бауы.

Жауабы: Шошқа
Бәрің, бәрің, бәріңді:
Бала-шаға, кәріңді —
Тіпті кемпір-шалды да
Отырады алдына ап.

Жауабы: Диван
Тар шеңберді айналып,
Тұр қазықта байланып.
Қаға берер таңдайды
Әдетінен танбайды.

Жауабы: Қабырға сағат
Қозғамасаң — құлайды,
Сүйемесең — сұлайды.
Құйымшақта ері бар,
Бұл не деген жануар?

Жауабы: Велосипед
От қойсаң — жалын шығар,
Бос қойсаң — жаның шығар.

Жауабы: Газ
Бақ ішінде жылан жатыр,
Айналасын шылап жатыр.

Жауабы: Шланг
Білетін бар жұмысы:
Әлемнің төрт бұрышы —
Оңтүстік пен солтүстік,
Батыс пенен шығысы.

Жауабы: Компас
Дауысы да ілеспес
Өзі ұшқан қарқынға.
Созған шүйке іспеттес
Жол қалады артында.

Жауабы: Реактивті самолет
Сүймейді тоқтауды,
Сүйеді таптауды.
Асфальтты илеген
Көрдің бе оқтауды?

Жауабы: Асфальт таптайтын машина
Иығына ал шығып,
Тұмсығынан шаншылып,
Күндіз қазып, түн қазып,
Берсін талай ін қазып.

Жауабы: Бұрғы
Жылжымалы жақ,
Бұлжымалы жақ.
Оңға бұрап бақ,
Солға бұрап бақ —
Үлкенге де шақ,
Кішіге де шақ.

Жауабы: Универсал кілт
Жылжытады алға бізді,
Жылжымайды бірақ өзі.

Жауабы: Класс