meta charset="utf-8"> Қазақша портал

Бөлім: «Жұмбақтар жинағы»

Жұмбақ – адамның ой-өрісін, алғырлығын, білімін сынау мақсатында нақты бір зат немесе құбылыс тұспалдап сипатталатын шағын әдеби жанр.
Жұмбақ жанры дүние жүзі халықтары әдебиетінің көпшілігінде бар. Бұл жанрға Аристотель “Жұмбақ – жақсы жымдасқан метафора” деп анықтама берген. Жұмбақ әдебиеттің ежелгі үлгілерінде, ауыз әдебиетінде жиі кездесетіндіктен оны ғылымда “фольклорлық жанр”, “халықтық поэзияның шағын түрі” деп санау орын алған. Алайда, қазіргі заман әдебиеті өкілдерінің, әсіресе, балалар әдебиеті авторларының шығарм-ғында Жұмбақтар топтамасы жиі кездеседі. Сондықтан оны тек фольклорлық жанр аясында шектеуге болмайды.
Жанды мотор сынбайды,
Күні-түні тынбайды.
Кейде оның жүрісін
Дәрігер де тыңдайды.

Жауабы: Жүрек
Бұралса болды құлағы,
Уақытты қуады.

Жауабы: Сағат
Үй ішінде – бөлме,
Бөлме іші – көлде,
Түрлі ұсақ балық
Жүзді сайран салып.

Жауабы: Аквариум
Күндіз бар да, түнде жоқ,
Онсыз өмір мүлде жоқ.

Жауабы: Күн
Ахметтің әкесінің 6 ұлы бар 1) Ержан, 2) Нұржан, 3) Ерлан, 4) Нұрлан, 5) Ербол, 6) ?.. Алтыншы ұлының есімі кім?

Жауабы: Ахмет
Әкесі баласынан сабақтың тапсырмаларын сұрап, әр дұрыс жауап бергені үшін 8 теңге, ал әр қате жауабы үшін 5 теңге кері алуда. 26-шы сұраққа келгенде..
Дәрігер 3 дәрі беріп мұны жарты сағат сайын ішу керектігін айтады. Осы үш дәріні ішіп бітіруге қанша уақыт кетеді?

Жауабы: 1,5 сағат десеңіз..
Ақ шатырлы бір қала,
Суда жүзіп, жүр дара.

Жауабы: Кеме
Мініп алып самғайтын
Қыраным бар талмайтын.

Жауабы: Ұшақ
Гүрілдеп жүреді,
Жердің бетін сүреді.

Жауабы: Трактор
Тақылдатып таңдайын,
Егінді тез жалмайды.
Дәнін беріп тазалап,
Өзі түкте алмайды.

Жауабы: Комбайн
Дымқылдап күнде сен,
қолыңа сүйкесең.
Кетіп кір-ласың,
Тап-тазаболасың.

Жауабы: Сабын
Аузы жоқ, көзі жоқ,
Тіліжоқ, өзіжоқ.
Бірақ та тісі бар,
Басыңмен ісі бар.

Жауабы: Тарақ
Біз едік, біз едік,
Отыз екі қыз едік.
Қатар-қатар тізілдік,
Кезек-кезек үзілдік.

Жауабы: Тіс
Көлемді, үлкен, алып аузын ашып,
Жүреді он екі аяқ қадам басып.
Әр бірінде отыздан бармағы бар,
Құтылмас ешбір адам одан қашып.

Жауабы: Жыл, он..
Он көзі бар өзінде,
Он саны бар көзінде.
Көзіне саусақ саласың,
Жырақтан хабар аласың.

Жауабы: Бұрамасы бар телефон
Қара үңгірде қара тас,
Жанғанда бетті қаратпас.

Жауабы: Көмір
Аузында ауы бар,
Суда жүзеді.
Балық сүзеді,
Бұл қандай құс?
Тауып ал!

Жауабы: Бірқазан
Айдын суда жалтыр,
Құлаштап жүзіп малтыр.

Жауабы: Жүзгіш
Басы да «а», соңы да «а»,
Оқығандар ұғады.
Ортасына не қоссаң,
Ата болып шығады?

Жауабы: Т
Басы «ш» мен басталып,
Жалғанады «е» менен.
Қайталасаң осыны,
Болар сенің неменең?

Жауабы: Шеше
Нарда бар,
Малда жоқ.
Нанда бар,
Қарда жоқ.

Жауабы: Н
Саңлақта бар,
Салмақта жоқ.
Қаңбақта бар,
Қалмақта жоқ.

Жауабы: Ң
Балада бар,
Данада жоқ.
Бабада бар,
Ағада жоқ.

Жауабы: Б
«А» мен «қ»-ның арасы,
Бір-ақ әріп, санашы!
Онсыз аттап жүре алмас,
Адамзаттың баласы.

Жауабы: Аяқ