meta charset="utf-8"> Қазақша портал

Бөлім: «Жұмбақтар жинағы»

Жұмбақ – адамның ой-өрісін, алғырлығын, білімін сынау мақсатында нақты бір зат немесе құбылыс тұспалдап сипатталатын шағын әдеби жанр.
Жұмбақ жанры дүние жүзі халықтары әдебиетінің көпшілігінде бар. Бұл жанрға Аристотель “Жұмбақ – жақсы жымдасқан метафора” деп анықтама берген. Жұмбақ әдебиеттің ежелгі үлгілерінде, ауыз әдебиетінде жиі кездесетіндіктен оны ғылымда “фольклорлық жанр”, “халықтық поэзияның шағын түрі” деп санау орын алған. Алайда, қазіргі заман әдебиеті өкілдерінің, әсіресе, балалар әдебиеті авторларының шығарм-ғында Жұмбақтар топтамасы жиі кездеседі. Сондықтан оны тек фольклорлық жанр аясында шектеуге болмайды.
Көкіп бірде көкқұтан«Мен-мен» деді дыриып. Деген сол құс: «көпті ұтам», Әріп болды тыриып.( Г )
Күнде бар,Айда жоқ.Түнде бар,Таңда жоқ(Ү)
Қасқырда бар,Апанда жоқ.Қошқарда бар,Қотанда жоқ(Р)
Іледе бар,Жайықта жоқ.Түйеде бар,Балықта жоқ(Е)
Құрықта бар,Сырықта жоқ.Құдықта бар,Қырықта жоқ(Ұ)
Жоқта бар,Барда жоқ.Шоқта бар,Талда жоқ(Қ)
Аяқта бар,Баста жоқ.Таяқта бар,Таста жоқ(Я)
Ұлда жоқ,Ащыда бар.Қатты да жоқ,Тұщыда бар(Щ)
Жақанда жоқ,Жаһанда бар.Қапанда жоқ,Қаһарда бар.(Һ)
Қылда бар,Жүнде жок.Жылда бар,Күнде жоқ.(Ы)
Аюда бар,Қаскырда жок.Оюда бар,Баскүрда жок.(Ю)
Созакта бар,Арыста жок.Қазақта бар,Орыста жок.(3)
Әкеңде бар,Атаңда жоқ. Тәтеңде бар,Апаңда жоқ.(Ә)
Меңде бар,Қалда жоқ.Сеңде бар,Қарда жок.(Ң)
Құланда бар,Құнанда жоқ.Жыланда бар,Қыранда жоқ.(Л)
Тазыда бар,Итте жоқ.Қазыда бар,Сүтте жоқ.(3)
Тауда бар,Таста жоқ.Жауда бар,Доста жоқ.(У)
Иекте бар,Бетте жоқ.Сүйекте бар,Етте жоқ.(К)
Санда бар,Сапада жок.Ханда бар,Қарада жоқ.(Н)  
Бір келіншек қонақтың алдына бір табақ ет қойып, осы еттің ішінде алты аты бар бір сүйек бар депті сол сүйек қайссы? Қазақ болсаң тауып көр.Жауабы..
100 шөжек, 100 кг бидайды 100 күнде жейтін болса, 10 шөжек, 10 күнде қанша кг бидай жейді? жауабы -1 кг
©  Логикалық сұрақтар
Сумен толтырылған шелек таразыда 10 кг болады. Шелектің ішіне, жіптің ұшына байланған темір шар батырылады. Шар шелектің түбіне тимейді, әрине..
©  Логикалық сұрақтар
Шәугімде су қайнату үшін отқа қойған кезде басталған ызыңдаған дыбысты бәріміз білеміз. Бұл дыбыс бара-бара артады және су қайнай бастағанда бірден..
©  Логикалық сұрақтар
Бір жүк машинасының артында бір шелек тұр. Жаңбыр жауа бастады. Шелек, жүк машынасы тоқтап тұрған кезде тез тола ма, әлде жылдам кетіп бара жатқан..
©  Логикалық сұрақтар
А қаласынан сағат 8:00-де ұшқан ұшақ Б қаласына қонғанда сағат 10:00 болады. Сол ұшақ Б қаласынан сағат 14:00-де ұшып, А қаласына қонғанда сағат..
©  Логикалық сұрақтар