Бөлім: «Жұмбақтар жинағы»
Жұмбақ – адамның ой-өрісін, алғырлығын, білімін сынау мақсатында нақты бір зат немесе құбылыс тұспалдап сипатталатын шағын әдеби жанр.
Жұмбақ жанры дүние жүзі халықтары әдебиетінің көпшілігінде бар. Бұл жанрға Аристотель “Жұмбақ – жақсы жымдасқан метафора” деп анықтама берген. Жұмбақ әдебиеттің ежелгі үлгілерінде, ауыз әдебиетінде жиі кездесетіндіктен оны ғылымда “фольклорлық жанр”, “халықтық поэзияның шағын түрі” деп санау орын алған. Алайда, қазіргі заман әдебиеті өкілдерінің, әсіресе, балалар әдебиеті авторларының шығарм-ғында Жұмбақтар топтамасы жиі кездеседі. Сондықтан оны тек фольклорлық жанр аясында шектеуге болмайды.

Жүрісі жылдам,Жүгі ауыр.Дөңгелейді аяғы, Қанаты жоқ болса да,Құстай ұшып ағады.(Автокөлік)
© Кеңесжан Шалқарұлы
Арқасында айдарыАйналғанда ұшады.Бұлағы бар сайдағы,Инелікке ұқсайды.(Тікұшақ)
© Кеңесжан Шалқарұлы
Мезгілінде көк жиектен таңсызған,Жап-жарық боп, жағылады жалғыз шам.(Шолпан)
© Кеңесжан Шалқарұлы
Қарқ болып күлсең де,Қабағыңды түйсең де.Ештеңеден қаймықпай,Көрсетеді айнытпай.(Айна)
© Кеңесжан Шалқарұлы
Екі бұлбұл бір бұтақта сайраған,Шыр айналып он бала ойынын ойнаған.(Домбыра)
© Кеңесжан Шалқарұлы
Жалаңаштанып білегі,Жадауланып тұр өңі.Қауырсыны бұрқырап,Сары ала қаздай түледі.(Күзгі ағаш)
© Кеңесжан Шалқарұлы
Өкпесі желпілдеген,Өкшесі селкілдеген.Көз алдыңда көшеді,Толқын болып еседі.(Сағым)
© Кеңесжан Шалқарұлы
Жабағы жүн ұшады,Жазылып кең құшағы.Бауырында жоқ жалыны,Бұрқырайды мамығы.(Қысқы бұлт)
© Кеңесжан Шалқарұлы