Бөлім: «Жұмбақтар жинағы»

Жұмбақ – адамның ой-өрісін, алғырлығын, білімін сынау мақсатында нақты бір зат немесе құбылыс тұспалдап сипатталатын шағын әдеби жанр.
Жұмбақ жанры дүние жүзі халықтары әдебиетінің көпшілігінде бар. Бұл жанрға Аристотель “Жұмбақ – жақсы жымдасқан метафора” деп анықтама берген. Жұмбақ әдебиеттің ежелгі үлгілерінде, ауыз әдебиетінде жиі кездесетіндіктен оны ғылымда “фольклорлық жанр”, “халықтық поэзияның шағын түрі” деп санау орын алған. Алайда, қазіргі заман әдебиеті өкілдерінің, әсіресе, балалар әдебиеті авторларының шығарм-ғында Жұмбақтар топтамасы жиі кездеседі. Сондықтан оны тек фольклорлық жанр аясында шектеуге болмайды.
Үңірейген қос танау,Ұстамаңдар, достар-ау!Танауынан от шығар,Қауіпті одан жоқ шығар?!(Қосауыз мылтық)
©  Серікбай Оспанов
Көрдің бе анау сайдағыЖарқыраған айнаны?(Көл)
©  Серікбай Оспанов
Бір құс бар көкте самғайтын,Қанатын қаға алмайтын.(Ұшақ)
©  Серікбай Оспанов
Көп адамға ең керекЕкі шыны дөңгелек.(Көзілдірік)
©  Серікбай Оспанов
Онымен кім жүрмейді,Күні-түн көз ілмейді!Өткізеді өзеннен,Өзі жүзу білмейді.(Көпір)
©  Серікбай Оспанов
Байлап қойсаң жағаға,Тұрады бір орнында.Шаруасы жоқ далада,Жүзуі адам қолында.(Қайық)
©  Серікбай Оспанов
Бір мұржа –Қос ұңғылы бұл мұржа.(Мұрын)
©  Серікбай Оспанов
Сыбдырынан қамыстың,Сылдырынан ағыстыңҚорқып, бұғып, сасады,Сасып тұра қашады.(Қоян)
©  Серікбай Оспанов
Көк күмбезді шегеменҚойған қалай шегелеп?!Жете алмаймын неге мен,Жарқырайды керемет!(Жұлдыздар)
©  Серікбай Оспанов
Құйқылжытып дала күйін,Үй ішіне салады үйін.(Қарлығаш)
©  Серікбай Оспанов
Қолды жуып береді,Бетті жуып береді.Өзі арықтап келеді,Жұмысы көп себебі.(Сабын)
©  Серікбай Оспанов
Су ішінде самғайды,Тек шегіне алмайды.(Балық)
©  Серікбай Оспанов
Ісі сүйіндіреді:Өзі киінбейді,Жұртты киіндіреді(Ине)
©  Серікбай Оспанов
Оны аяққа баспайсыңЗатқа айырбастайсың.(Теңге)
©  Серікбай Оспанов
Ашсаң баурап алады,Сонда əлемнің ғажабы.Елің, сонда шет ел де!Сөйлейді əрі жазады(Компьютер)
©  Серікбай Оспанов
Қыста үйдің қасындаАғашта, жер үстінде.Жазда таудың басында,Мұздатқыштың ішінде.(Қар)
©  Серікбай Оспанов
Қашанда сені қолдайды,Онсыз бір той болмайды.(Домбыра)
©  Серікбай Оспанов
Қайқыбас екі ағашпенҚырға шықтым алғаш мен.(Шаңғы)
©  Серікбай Оспанов
Бірінің мұрны қызыл,Бірінің мұрны көк.Мұрынсыз, қысқа, ұзынМенде ұл-қыз көп.(Түрлі-түсті қарындаштар)
©  Серікбай Оспанов
Тұр керемет кебеже,Кебежеде– терезе.Терезеден көрінерБала, дала, қала, үй,Аң, құс, Күн, Ай, кеме де!(Теледидар)
©  Серікбай Оспанов
Шыныға кеп төнесіңӨзіңді одан көресің.(Айна)
©  Серікбай Оспанов
Ақсақалды атаны-ай,Мінезінің шатағы-ай.(Қыс)
©  Серікбай Оспанов
Қызық оның тісі де,Қызық оның ісі де.Оған ең, ең керегі–Затты екіге бөледі.(Ағаш кесетін ара)
©  Серікбай Оспанов
Жасағаны көкемнің –Кішкене үйі бөпемнің.(Бесік)
©  Серікбай Оспанов
Күндіз сен бола аладыТүнде жоғалады.(Көлеңке)
©  Серікбай Оспанов