Бөлім: «Жұмбақтар жинағы»

Жұмбақ – адамның ой-өрісін, алғырлығын, білімін сынау мақсатында нақты бір зат немесе құбылыс тұспалдап сипатталатын шағын әдеби жанр.
Жұмбақ жанры дүние жүзі халықтары әдебиетінің көпшілігінде бар. Бұл жанрға Аристотель “Жұмбақ – жақсы жымдасқан метафора” деп анықтама берген. Жұмбақ әдебиеттің ежелгі үлгілерінде, ауыз әдебиетінде жиі кездесетіндіктен оны ғылымда “фольклорлық жанр”, “халықтық поэзияның шағын түрі” деп санау орын алған. Алайда, қазіргі заман әдебиеті өкілдерінің, әсіресе, балалар әдебиеті авторларының шығарм-ғында Жұмбақтар топтамасы жиі кездеседі. Сондықтан оны тек фольклорлық жанр аясында шектеуге болмайды.
Жаңалықты
Үн-түнсiз таратады,
Барша жұртты
Бiр өзiне қаратады.
Бiр қора дөңгелек,
Арлы-берлi дөңгелеп.
Әр нәрсенi тексерiп,
Санағанда тым зерек.
Өзi өтпейдi,
Ал, өтпестi өткiзедi.
Артық кемдi теңестiрер,
Дәндi де өзi жемес бiрер.
Тазалап ақ қағаз жүзiн,Жоқ етер қарындаш iзiн. жауабы - Өшіргіш
Iндi көп-ақ қазады,
Өзi шыға қашады.
Саусаққа киiп ем тобатай,
Иненi жүгiрттiм оп-оңай.
Тұтқасыз тобатай,
Ұнатар, көп апай.
Екi басы дөңгелек,Екi ұшы сүйiр,Қиғанға үйiр. жауабы - Қайшы
Кiшкене тегештей
Қарыны бар кемештеу.
Құдды қайың берiшi,
Iшiнде шөл дәрiсi.
Адамдардың киiмiн,
Ұстап тұрар иығым.

жауабы - Киiм iлгiш
Аяғы төртеу, жүре алмайды,
Не жатып бiр сәт те дем алмайды.
Отырған адамға дап-дайын,
Тiк ұстап тұрар тақтайын.
Жалғыз аяқ, тiлiк ерiн,
Тұмсығында найзасы бар.
Киiмдердi тiгiп керiм,
Адамға көп пайдасы бар.

жауабы - Iс машинасы
Қос таяқ,
Бастары дөңгелек.
Тұтасты
Кеседi бөлек-бөлек.
Сегiз тарам қайыстан,
Өрiмi бар бұзау тiс.
Жұмсақ жағы майысқан,
Айнымаған жылан түс.
Гүлдерi бар құлпырған,
Кең жазықтан аумайды.
Оған әркiм ұмтылған,
Киiм киер оңтайлы.
Шылбырын сүйрейдi,
Жыртықты түйрейдi.
Көзiне шуда тағады,
Бөлектi құрап,
Ұшы жылмаң қағады.
Танауында арқаны,
Бiр батып, бiр шығып,
Алға қарай тартады.
Үскiнiң көп тармағы,
Қара орманды шарлады.
Қисықтарын түзедi,
Теп-тегiс түз ендi.
Өзi тұрғанымен мелшиiп,
Жап-жалтыр жүзiне,
Кетедi ел сиып.
Тұра қалсам алдына,
Жалтыраған ақ айдын,
Өзiмдi — өзiм мен мына,
Көре аламын ап-айқын.
Мөлдiреп жатқан қос көлге,
Шыныдан тұттым қос перде.
Ұзын өзен,
Суы жоқ.
Өзi сырық,
Басқан жерi құдық.