meta charset="utf-8"> Қазақша портал

Бөлім: «Жұмбақтар жинағы»

Жұмбақ – адамның ой-өрісін, алғырлығын, білімін сынау мақсатында нақты бір зат немесе құбылыс тұспалдап сипатталатын шағын әдеби жанр.
Жұмбақ жанры дүние жүзі халықтары әдебиетінің көпшілігінде бар. Бұл жанрға Аристотель “Жұмбақ – жақсы жымдасқан метафора” деп анықтама берген. Жұмбақ әдебиеттің ежелгі үлгілерінде, ауыз әдебиетінде жиі кездесетіндіктен оны ғылымда “фольклорлық жанр”, “халықтық поэзияның шағын түрі” деп санау орын алған. Алайда, қазіргі заман әдебиеті өкілдерінің, әсіресе, балалар әдебиеті авторларының шығарм-ғында Жұмбақтар топтамасы жиі кездеседі. Сондықтан оны тек фольклорлық жанр аясында шектеуге болмайды.
Көлiк десем – күлкi емес,Жегiлетiн жылқы емес.Тундрада талайыСүйретiп жүр шананы.(Иттер)
©  Ескен Елубаев
Бiр-ақ тұтам бойына,Бес қаруын асыпты:Шанышқысын, ашқышын,Тескiш, пышақ, қасықты.(Бесаспап бəкi)
©  Ескен Елубаев
Дейдi: «жаяу жүрмен!»Атқа бұрын мiнген,Өзiңнен кейiн түскен,Мұндайын кiм бiлген?(Ер-тоқым)
©  Ескен Елубаев
Жауын жауса,Тысқа шығады.Жаумаса оныБұрышқа тығады.(Қол шатыр)
©  Ескен Елубаев
Көзi –Өзi.Бойы бiр қарыс.Көредi тым алыс.(Дүрбi)
©  Ескен Елубаев
Қағып-қағып қаласың,Қосасың,Аласың.(Есеп шот)
©  Ескен Елубаев
Құлағында – құлағым,Аузына тақау ауызым.Күнде естiп тұрамын,Жолдасымның дауысын.(Телефон)
©  Ескен Елубаев
Үйiмiзде салбырап,Көп алмұрт тұр албырап.(Электр шамы)
©  Ескен Елубаев
Басып озды құсты,Қанатын қақпай ұшты.(Ұшақ)
©  Ескен Елубаев
Төрт аты бар,Төрт пiлi бар.Шайқас алаңынБiлiп ал.(Шахмат)
©  Ескен Елубаев
Теуiп-теуiп қалдым,Алысқа ұзап бардым.(Велосипед)
©  Ескен Елубаев
Сырты тəттi,Iшi тəттi.Ортасы сүйек қатты.(Өрiк)
©  Ескен Елубаев
Бiздiң үйде,Кино күнде.(Телевизор)
©  Ескен Елубаев
Ол өсiп əуре,Ел кесiп əуре.(Шаш)
©  Ескен Елубаев
Көкпеңбек едi көктемде,Қыздарды күз жеткенде.(Алма)
©  Ескен Елубаев
Бұл қызықты қараңдар,Күн жоқта жоқ,Күн барда бар.(Көлеңке)
©  Ескен Елубаев
Атасы – сал,Əкесi қозғаладыОрынынан зорға,Ағасы – шабан,Өзi – жорға.Iнiсi – жылдам,Баласы – жүйрiк,Зымырап тұрған.(Жыл, ай, күн, сағат, минут, секунд)
©  Ескен Елубаев
Жиырма төрт батыр,Бiр-бiрiн жеп жатыр.(Дойбы)
©  Ескен Елубаев
Мына ойынғаҚараңдаршы,Он алты аққа,Он алты қара қарсы.(Шахмат)
©  Ескен Елубаев
Қара табақ,Қара табақ айналады,Күй тартады,Əн салады,Думандатып айналаны!(Күй табағы)
©  Ескен Елубаев
Санымыз қанша,Бiлмеймiз,ТүнiменКөз iлмеймiз.(Жұлдыздар)
©  Ескен Елубаев
Шыр айналып көпiрiп,Кiрiңдi берер кетiрiп.(Кiр жуатын машина)
©  Ескен Елубаев
Қатар-қатар түйме,Бассаң салар күйге.(Гармонь)
©  Ескен Елубаев
Тас тасқа шағылды,Одан от жағылды.(Шақпақ тас)
©  Ескен Елубаев
Темiр қалып,Iшi толған əрiп.(Жазу машинкасы)
©  Ескен Елубаев