Күншіл туралы Мақал-мәтелдер жинағы ✍️


Мақал-мәтелдер жинағы: 6
Ақын өлеңдері жинағы: 5
Қанатты сөздер жинағы: 3

Ақылды ер әр адамның көңілін аулар,
Күйзеліп күнде күншіл жоқты даулар.
Мақтаншақ міншіл келеді,
Қызғаншақ күншіл келеді.
Озбыр олжа үшін өледі,
Күншіл күндеумен бүледі.
Күншілдің күні қараң.
Күншілдің күнін итке берсін.
Күншіл сорлы көре алмай өледі,
Сараң сорлы бере алмай өледі.