Қымыз туралы Мақал-мәтелдер жинағы ✍️


Басқа: 2
Мақал-мәтелдер жинағы: 11
Жұмбақтар жинағы: 6
Балаларға арналған тақпақтар: 2
Ақын өлеңдері жинағы: 22
Қанатты сөздер жинағы: 1
Әңгімелер жинағы: 5
Ертегілер жинағы: 1
Анекдоттар, әзілдер жинағы: 1

Бие мінсең, құлын жоқ,
Саумал ішсең, қымыз жоқ.
Қымыз – кісінің қаны,
Ет – кісінің жаны.
Қымызды үйде – аяқшы,
Қызды үйде – тияқшы.
Қымызды кім ішейін демесін,
Қызды кім құшайын демесін!
Берерге бесінде – қымыз,
Бермеске сәскеде – саумал.
Сіздікіне барғанда,
Қымыз ішсін, ми жесін:
Біздікіне келгенде –
Әндетсін де билесін.
Саумал ішсең, қымыз жоқ,
Байтал мінсең, құлын жоқ.
Берместің үйінде бесті қымыз тұрады.
Қымызға құныққан қыдырып ішеді.
Таза сабаның қымызын іш,
Мейірбан ананың қызын ал.
Сары қымыз сүйегіңе сіңсе,
Сан ауруды кеседі.
Сары бал сүйегіңе сіңсе,
Кәрілік жоқ — деседі.