Бесік туралы Мақал-мәтелдер жинағы ✍️


Басқа: 5
Мақал-мәтелдер жинағы: 15
Жұмбақтар жинағы: 8
Балаларға арналған тақпақтар: 2
Ақын өлеңдері жинағы: 81
Жаңылтпаштар жинағы: 1
Қанатты сөздер жинағы: 5
Туындылар: 4
Әңгімелер жинағы: 6
Аңыздар жинағы: 2

Тәрбие тал бесіктен 
Ел боламын десең бесігіңді түзе
©  Көпеев Нұрдәулет
Бөпең тумай тұрып, бесігін әзірлеме.
Ауылым - алтын бесігім.
Өз елің - алтын бесік.
Ер бесіктен танылады.
Бесік көрмеген ессіз болып есікке енеді.
Төріңде бесік тұрса, төре де бас иеді.
Есік арқалағаннан, бесік арқалаған артық.
Жаман деп бесікке күлме,
Тар деп бар есікке күлме.
Бесік — ұшар ұяң,
Есік — алтын шыған.
Бесіктен түскен бөпеге
Есікке дейін ен дүние.
Бесік баласы
Бес түлейді.
Бесіктегі баланың
Күлгенін көрген бір мұрат.
Алдынан түсіп ананың
Жүргенін көрген бір мұрат.
Нәрестенің бесігі — кең дүниенің есігі.
Бала тәрбиесі бесіктен.