Қорлық туралы Мақал-мәтелдер жинағы ✍️


Мақал-мәтелдер жинағы: 15
Ақын өлеңдері жинағы: 10
Қанатты сөздер жинағы: 10
Әңгімелер жинағы: 9

Зорлық, зорлық түбі – қорлық"Зорлық, зорлық түбі – қорлық" деген. Жетім мен жесірге, жалғыз-жарымға жасаған зорлықтарың бүгін мойындарыңа түсіп..
Сақтықта қорлық жоқ.
Қорлық тірліктен қыршын  кеткен артық.
Ат сұраған қорлық емес,
Ер–тоқым сұраған қорлық.
Ер жігітке өлім бар да, қорлық жоқ.
Ерді қорлама састырар,
Асты қорлама құстырар.
Асты қорлама құстырар,
Ерді қорлама тыштырар.
Кімді қорласаң, содан зар тартарсың.
Ұрлық, ұрлықтың түбі қорлық.
Ел барда, ер қор болмас,
Ер барда, ел қор болмас.
Сақтықта, қорлық жоқ,
Сәлемде, зорлық жоқ.
Отың жанбаса — қорлық,
Құсың алмаса — қорлық.
Жабағы тайды қорлама
Жазға шықса, ат болар,
Жас жігітті қорлама
Жұртына ертең бас болар.
Қызың кер әдеп болса — қорлық,
Балаң бейәдеп болса — қорлық.
Өтпес жарлық — бойға қорлық.