Айту туралы Мақал-мәтелдер жинағы ✍️


Мақал-мәтелдер жинағы: 13
Ақын өлеңдері жинағы: 39
Қанатты сөздер жинағы: 6
Әңгімелер жинағы: 1
Поэмалар: 1
Анекдоттар, әзілдер жинағы: 1

Өз ақыл ойын және өзгенің байлығын әрқашан асырып айтады.
Айтқаны мықтап айтқандай:Алтыннан шеге қаққандай.
 Өзің көтермейтін сөзді басқаға айтпа.

Адамның жанын жаралау деген оп-оңай нәрсе. Ауыр сөз, ойланбай айтыла салған сөз адам жанын жаралайды...
©  Гүлтас Құрманбай
 Адамның өзі жетпеген жерге сөзі жетеді.

Қай кезе де, кім туралы болса да жақсы сөз айтқан дұрыс. Жақсы сөз де, жаман сөзде иесіне әйтеуір..
©  Гүлтас Құрманбай
"А"-ны айтқан екенсің, "б"-ны да айт.
Айта берме сөз біткеннің бәрін де,
Ойлап сөйле, таңдап дәмін, нәрін де.
Айтар сөзді айт,
Айтпас сөзден қайт.
Айтпай білмес,
Ашпай көрмес.
Ойнап айтса да ойындағысын айтады.
Бұрынғыны айтпай,
Соңғы еске түспейдi.
Халық айтса, қалып айтпайды.
Ойнап айтса да ойындағысын айтады.
Білген кісі тауып айтады,
Білмеген кісі қауып айтады.