Атақ туралы Мақал-мәтелдер жинағы ✍️


Мақал-мәтелдер жинағы: 18
Ақын өлеңдері жинағы: 35
Қанатты сөздер жинағы: 27
Туындылар: 1
Әңгімелер жинағы: 2
Анекдоттар, әзілдер жинағы: 1

Шенеунік атақ үшін туады,Билік үшін өледі.
©  Ермахан Шайхыұлы
Тіл атағыңды өсірер де өшірер.
  Бұтағы көп ағашқа құс қонады, Атағы жақсы адамға сөз ереді. Ағаш басына жел үйір, Жақсы адамға сөз үйір.

Осы мақалдың мәнін ашатын сіздің..
©  Гүлтас Құрманбай
Атағы шыққан жақсыға,Ақылды байлап қылма құл. 
©  Шәкәрім Құдайбердіұлы
Атақ – ерге сауға, олжа – елге сауға, олжа елдікі, оған тимегін.
©  Бауыржан Момышұлы
Білсе білім, күнде бақыт кісіге,
Үлкен атақ содан келер кішіге.
Атымды шығарам десең, асыңды сайла.
Атымтай кеткенімен, халықта аты қалды.
Аты қалған ер өлмейді,
Адам мәңгі атағымен селбесер,
Аты қалса, бұ жалғанда өлмес ер.
Айтқан екен жайған адам атағын,
Сабыр еткен түзер істің шатағын.
Адам емес, мәңгі өлмейтін — атағы,
Өмір-бақи жасайды ғой ол тағы.
Аттанды басқа салды,
Атағы Манасқа қалды.
Жаман атағың шыққанша,
Жаның шықсын.
Дұшпанды біреу шабады,
Атақты сәду алады.
Атақтының ұяты –
Кедей өлімінің бір аты.
Жауды қара қашырды,
Батыр атақ Барақта қалды.
Атақ – қабілеттің көлеңкесі.
Атақты ұры аштан өледі