Тұлпар туралы Мақал-мәтелдер жинағы ✍️


Басқа: 1
Мақал-мәтелдер жинағы: 13
Балаларға арналған тақпақтар: 2
Ақын өлеңдері жинағы: 59
Қанатты сөздер жинағы: 7
Әңгімелер жинағы: 5
Поэмалар: 1
Аңыздар жинағы: 4

Білім көпке ортақ, тұлпар кім мініп шапса соныкы.
©  Естеу ЖҮНІС
Тұлпарды алтын тағамен тағаласа,
Есек те емексіп аяғын көтеріпті.
 Аттың бәрі тұлпар болмас, Құстың бәрі сұңқар болмас.

Адам өзінің шамасын білгені жақсы. Сонымен қатар ұстаз өзінің барлық шәкірттерінен..
©  Гүлтас Құрманбай
Шеге тағаны сақтайды, Таға тұлпарды сақтайды. Тұлпар ерiн сақтайды, Ер елiн сақтайды.
 
Ердің елін сақтауының арқасында біздер бүгінгі күнге..
©  Гүлтас Құрманбай
Қарға сұңқар болмас,Есек тұлпар болмас.
Тұғырдан құлағанды тұлпарға мінгізбе.
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар.
Ат болатын тұлпардың
Мүшесінен белгілі.
Кісі болар кісінің
Кісесінен белгілі.
Тұлпар тұяғы дүбірде қызады.
Тұлпардың өз тұяғы өзіне дәрі.
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар.
Сұңқар орманға тартар,
Тұлпар қорғанға тартар.
Қанша тұлпар болса да, жоқты қуып жете алмас.