Үйрету туралы Мақал-мәтелдер жинағы ✍️


Мақал-мәтелдер жинағы: 13
Ақын өлеңдері жинағы: 9
Қанатты сөздер жинағы: 18
Туындылар: 3
Әңгімелер жинағы: 1
Эсселер жинағы: 2

Ұстаздық еткен жалықпас,Үйретуден балаға
©  Абай Құнанбаев
Барс баласы анасына үйрете алады.
Біз үйреткен кезде үйренеміз.
Өз тәжірибеңіз нұсқаулардан гөрі жақсы үйретеді
Көпке үйретесің, өзің нансыз боласың.
Ақымақты үйрету, суда жазумен тең
Бiреуге үйретсең, өзiң де үйренесiң.

Жомарттық адамды сыйлы, абыройлы, қадірлі етеді. Малға, дүниеге ғана жомарт болмау керек, біреуге үйретуге де..
©  Гүлтас Құрманбай
Білмегенге үйрет,
Жерге соқаны салып сүйрет.
Қақсал атты қарғытуға үйретпе.
Шеберді үйрету – күйрету.
Лұқпанға ұлылықты үйрету —
Даналықты балалыққа телу.
Біліп тұрғанды, үйретіп қайтесің.
Итті күшігінде үйрет.