Жалғыз туралы Мақал-мәтелдер жинағы ✍️


Басқа: 1
Мақал-мәтелдер жинағы: 58
Жұмбақтар жинағы: 1
Балаларға арналған тақпақтар: 1
Ақын өлеңдері жинағы: 96
Жаңылтпаштар жинағы: 1
Қанатты сөздер жинағы: 18
Туындылар: 2
Әңгімелер жинағы: 14
Ертегілер жинағы: 1
Поэмалар: 1
Аңыздар жинағы: 1

Қанағат қарын тойғызады,Қанағатсыз жалғыз атын сойдырады
©  Самет Оқанұлы
Жалғыз қаздың үні шықпас.Бұл мақал əрқандай істе басқалардан жəрдем сұраудың қажет екенін ескертеді.
©  Түркі халықтары
Жалғыз өзім сау болғанша,Көппен бірге «мал» болайын.
©  Ермахан Шайхыұлы
Жалғызда мейірім жоқ
Жалғыз ағаш орманға қарайды,Жалғыз бала қорғанға қарайды. 
Жалғыз жүрсең-жол ұзақ.
Жалғыз ара балға жарытпас.
Жалғыз адам тасты да қозғай алмас,Көп жабылса, тауыңнан із де қалмас.
Әйелдің жалғыз жетістігі бар: ол – дақ түспеген ары.
©  Жүсіп Баласағұни
Жалғыз адам жұмақта да жабығады.
Күлсең бүтін дүние сенімен күлсін, жыласаң жалғыз жыла.
Атадан жалғыз болсаң да,
Рудан жалғыз болма.
Алланың берейін деген құлына
Онан-мұнан құралар.
Бермейін деген құлының
Жалғыз атын ұры алар.
Ақ құстың баласы жалғыз жүріп оттамас.
Аз кісінің теңдігі бар да, төресі жоқ,
Жалғыз аттың астауы бар да, дересі жоқ.
Жалғыз бала – жарты бақыт, көп бала-алтын уақыт.
Көп бидайдың ішінде жалғыз арпа.
Жалғыз шала сәуле болмас,
Жалғыз шырақ тәубе болмас.
Екі қарбызды
Жалғыз қолмен көтере алмассың.
Қанша жуан болса да,
Жалғыз ағаш үй болмас,
Қанша жақсы болса да,
Жалғыз жігіт ьи болмас.
Жалғыз атты жарыстан қалмас.
Жалғыздың ісі бітпес.
Жалғыз ағаш орман болмас,
Жалғыз кірпіш қорған болмас.