Көрік туралы Мақал-мәтелдер жинағы ✍️


Мақал-мәтелдер жинағы: 20
Жұмбақтар жинағы: 3
Балаларға арналған тақпақтар: 2
Ақын өлеңдері жинағы: 39
Жаңылтпаштар жинағы: 2
Қанатты сөздер жинағы: 6

Қыздың көркі – кигені, Жігіттің көркі – сүйгені. 
Арықтың көркі — сәмбі тал,Аттың көркі — құйрық, жал. 
Ауыз көркі - сөз, жүздің көркі - көз .
Жердің көркі:Орман, тоғай, бұлағы,Елдің көркі:Қала, қыстақ тұрағы. 
Көлдің көркі —Құрақ.Таудың көркі —Бұлақ. 
Көріксіз әйелдің күйеуі көзсіз болсын.
©  Саиф Сараи
Көрікті жан алыста тұрып-ақ торға түседі (әйел туралы айтылады)
©  Құтып
Орын адам көркі емес, адам орын көркі.
Бұтағы көп ағашқа құс қонады,
Көрікті әйелге сөз ереді.
Ауыз бен тілдің көркі — сөз.
Ағаш басына жел тиер,
Көрікті кісіге сөз тиер.
Кісінің көркі - жүз,
Жүздің көркі - көз,
Ойдың көркі - тіл,
Тілдің көркі - сөз.
Базар көркі – бақал,
Ердің көркі – сақал.
Көріктіні қалап алғанша,
Сүйгеніңді сұрап ал.
Инабатты болса әйел,
Өнегелі болса бала көрікті.
Көріп алған көріктіден,
Көрмей алған текті артық.
Сөздің көркі - мақал,
Иектің көркі - сақал.
Жылқының көркі құйрық,
Үйдің көркі мүлік.
Ағаш көркі - жапырақ, адам көркі - шүберек.
Ақыл көркі — тіл,
Тілдің көркі — сөз,
Адам көркі — жүз,
Жүздің көркі — көз.