Береке туралы Мақал-мәтелдер жинағы ✍️


Басқа: 3
Мақал-мәтелдер жинағы: 25
Ақын өлеңдері жинағы: 16
Қанатты сөздер жинағы: 9
Құттықтаулар, тілектер жинағы: 1
Әңгімелер жинағы: 1
Шығармалар жинағы: 1

Берекелі тоғайда,Басын иіп тал тұрар.Берекелі ауылда,Ақылы дана шал тұрар
©  Самет Оқанұлы
Береке туралы
Оңалар істің басына,Жақсы келер қасына.Әділ бидің елін дау араламайды,Әділ патшаның елін жау араламайды.Бөрі қартайса да бір қойлық әлі..
©  Дихан Қамзабекұлы
Еңбек түбі — береке.Көптің түбі — мереке. 
Бабын тапсаң — байлық жерде.Береке, салтанат елде. 
 Алтау ала болса, Ауыздағы кетеді. Төртеу түгел болса, Төбедегі келеді.
*Ынтымақ,   береке,   бірлік  ..
©  Гүлтас Құрманбай
Сабырлылық алдында дұшпан сасады,
Сабырсыздан береке қашады.
©  Бауыржан Момышұлы
Бәле әкелер рас сөзден жырақта,
Берекелі жалған сөзге тұрақта.
Алынар ақша кешіксе,
Алатын адамның берекесі кетеді.
Еңбексіз береке жоқ,
Еңбекте мереке көп.
Берекесіздің ауылы - мерекесіз.
Көпшіліктен береке кетпес.
Берекелі жерден мереке кетпес.
Бұлт қайда орнаса,
Береке сонда шөгеді.
Қайраты бар кісінің, берекеті бар ісінің,
Қайраты жоқ кісінің, берекеті жоқ ісінің.
Ел жүрген жер — береке,
Ер жүрген жер — мереке.
Балық іздесең, көлге бар,
Береке іздесең, елге бар.
Елдің іші —береке,
Көптің іші — мереке.
Берекелі елдің
Бетін ешкім қақпайды.
Берекелі жердің
Жыланы да шақпайды.
Бірліксіз істе береке жоқ.
Берекені көктен тілеме,
Бірлігі мол көптен тіле.
Жақсы қонақ - құт, береке.