Патша туралы Мақал-мәтелдер жинағы ✍️


Басқа: 1
Мақал-мәтелдер жинағы: 16
Жұмбақтар жинағы: 2
Ақын өлеңдері жинағы: 70
Қанатты сөздер жинағы: 15
Әңгімелер жинағы: 25
Ертегілер жинағы: 14
Анекдоттар, әзілдер жинағы: 3
Аңыздар жинағы: 5

 Нәпсіге жеңілген патша – құл,Нәпсіні жеңген құл – патша
©  Самет Оқанұлы
Екі патша бір мемлекетте өмір сүрмейді.
Суды бұқа сияқты ішіңіз, ал шарапты патша сияқты.
Патшалар емес, заман билік етеді.
Патша заң емес, заң – патша.
Қандай патша, бағыныштылары да сондай.
Батыр болып, бай болсаң,
Патшадан нең кем?
Жарлы болып, бек болсаң,
Келекеден нең кем?
Бағынбаған патшаның басы кетеді.
Әділ патшаның әскері халықтан құралады.
Ай, күн әлемге бірдей,
Патша адамға бірдей.
Патша залым болса жұрт тозады,
Патша алым болса жұрт озады.
Бақа көлінде патша,
Балық суында патша,
Жігіт елінде патша.
Патшаң соқыр болса бір көзіңді қысып өт.
Халық - кеуде, патша - бас.
Балалық шағы — патшаның тағы.
Тақ үшін соғысқан патшаға емес, жер үшін соғысқан патшаға қызмет етіңдер