Дән туралы Мақал-мәтелдер жинағы ✍️


Басқа: 4
Мақал-мәтелдер жинағы: 13
Жұмбақтар жинағы: 3
Балаларға арналған тақпақтар: 1
Ақын өлеңдері жинағы: 21
Жаңылтпаштар жинағы: 2
Қанатты сөздер жинағы: 4
Әңгімелер жинағы: 3
Ертегілер жинағы: 2

Шындықтың сүйегі қатты, дәні тәтті
©  Самет Оқанұлы
Басқа бөтеннің ботқасында дәндері үлкенірек.
Көктемеде жерге түскен бір дән.Күзді күні мың дән болады. 
Сабағы жаман дақылдыңДәні де жаман. 
Үзілген шыбықтан ұрпақ та күтпе,дән де дәметпе.
Бiр тауды төңкеретiн де бар, Бiр дәндi зiл көретiн де бар.
Адамдардың адамгершілік қасиеттері еңбекке қатысынан білінеді. Біреулер бар кішкентай..
©  Гүлтас Құрманбай
Аз дәлелден көп мағына тәлім болады,
Уыс дәннен бидайдың қасиеті мәлім болады.
Көп төксең көңді –
Қамбаң дәнге толады.
Бір қауыздың екі дәніндей.
Дән дәнге жиылса,
Астық қамбаға құйылады.
Ақша ақшаны қимайды,
Дән дәнді жинайды.
Қарамықтың дәні болғанша, бидайдың сабаны бол,
Жаман елдің жақсысы болғанша, жақсы елдің жаманы бол.