Қоныс туралы Мақал-мәтелдер жинағы ✍️


Мақал-мәтелдер жинағы: 12
Ақын өлеңдері жинағы: 10
Жаңылтпаштар жинағы: 1
Қанатты сөздер жинағы: 1
Баталар жинағы: 1
Әңгімелер жинағы: 4

Ырысқа қарап ұл өсер,Қонысқа қарап мал өсер
©  Самет Оқанұлы
Малды іріктемесең,Тұқымы азады,Қонысты таңдамасаң,Өрісің тозады.
Бұрын қонғаннан қоныс сұра,
Бұрын туғаннан ақыл сұра.
Баласы көп болса,
Ұрыс бастайды.
Жылқысы көп болса,
Қоныс бастайды.
Қоныс іздегенше, өріс ізде.
Бұрын барған қоныс алады,
Кейін келген сөгіс алады.
Шаруаға сыйлы қоныс,
Малға жайлы қоныс.
Мал жинасаң қонысын тап.
Қоныс ақысын түйе қайтарады.
Шөлмен жүрсең, жолмен жүр:
Жол бұлақты көлге апарады,
Көл қонысты елге апарады.
Ырысқа қарай, ер өсер,
Қонысқа қарай, мал өсер.
Орыс бар жерде — қоныс бар.