Ингуш халқы мақалы туралы Мақал-мәтелдер жинағы ✍️


Мақал-мәтелдер жинағы: 21

Өзгенің аты өрге шапса да алқынбас.
Қорлық тірліктен қыршын  кеткен артық.
Қырсық  шалған қыздың өз үйінен күндес шығады.
Босқа үрген төбетті бөрі әкетеді.
Құрғаса батпақ алабы,Ылғалы бірақ қалады.
Анасы мақтағанмен қыздың бағасы артпайды.
Қолыңда  барды қадірле,Жиярсың сонда бәрін де.
Ең алғаш олжа тауыпты:Тал түсте шырақ жағыпты.
Айдай әлемнің ақылдығаӨз еліндей жақындығы.
Иесі мақтаған ат озбас.
Азған ұрпақ арғы тегімен бұлданар.
Нәпсінін тиған қызармас.
Жазда өзіңді өзің қинамасаң,Қыста қазаның да қайнамайды.
Бала болмай, пана болмас.
Ит-құсқа кездеспеген теке Мекеге де жетіпті.
Екі қатын алғандар.Итке мұқтаж болған ба?!
Аяз түспей, көл түбіне тоң қатпас.
Кезеген ит кез келгеннен таяқ жейді.
Өгіз сабылмаса,Үй іші жарымас еді.
Ынтымақ жоқ үйде ырыс жоқ.