Кесір туралы Мақал-мәтелдер жинағы ✍️


Мақал-мәтелдер жинағы: 10
Ақын өлеңдері жинағы: 7
Қанатты сөздер жинағы: 3
Әңгімелер жинағы: 1

Жаманмен жолдас болсаң, кесірі жұғар,Жақсымен жолдас болсаң, несібі жұғар
©  Самет Оқанұлы
Елің жүрсін есіңде - мал мен баққа есірме,Мал мен баққа есірсең - кез боларсың кесірге. 
©  Қазақтың би-шешендері
Еңбек деген байлық бар ерінбеген жететін,
Жоқшылық пен кесірді жермен – жексен ететін.
Бірдің кесірі мыңға,
Мыңның кесірі түменге.
Бір қорқақтың кесірі мыңға тиер,
Жолдас болсаң қорқақпен - жаның күйер.
Бірдің кесірі мыңға тиеді.
Кедейді кесір құртар.
Кергіген кері кетер,
Кесірі түбіне жетер.
Кесір сөзде — қырсық көп,
Кесір адамда — тыртық көп.
Кесірлі ауыздан
Кесапатты сөз шығар.