Әйел туралы Мақал-мәтелдер жинағы ✍️


Басқа: 34
Мақал-мәтелдер жинағы: 174
Жұмбақтар жинағы: 1
Балаларға арналған тақпақтар: 3
Ақын өлеңдері жинағы: 214
Қанатты сөздер жинағы: 137
Құттықтаулар, тілектер жинағы: 16
Туындылар: 1
Әңгімелер жинағы: 83
Ертегілер жинағы: 1
Шығармалар жинағы: 1
Анекдоттар, әзілдер жинағы: 25
Аңыздар жинағы: 2
Эсселер жинағы: 1

Әйелдің жақсысы
Ерімен ойласады.
Әйел — үйдің ажары,
Бала — үйдің базары.
Жақсы әйел ер көңілін өсіреді,
Жаман әйел ер отын өшіреді.
Жақсы әйел
Жаман еркекті би етеді.
Жаман әйел
Жақсы еркекті құл етеді.
Жақсы әйелдің қолы ұзын,
Жаман әйелдің тілі ұзын.
Еркек дауысты әйелдің ісі болмас,
Қатын дауысты еркектің күші болмас.
Бір үйде екі әйел болса — ойран,
Бір үйде екі сиыр болса — айран.
Көшерде жұрт жаман,
Айрыларда әйел жаман.
Әйел— үйдің көркі,
Еркек— түздің көркі.
Жақсы әйел
Жаман еркекті түзетеді.
Жаман әйел
Жақсы еркекті жүдетеді.
Жаман әйелдің мінезі қиық келер,
Сөзі сұйық келер.
Үйді қырық еркек толтыра алмайды,
Бір әйел толтырады.
Ине, жібі бар әйелдің
Үсті-басы жыртылмайды.
Ағайынға кәдірім жоқ,
Бетімді көреді,
Әйеліме кәдірім жоқ,
Етімді көреді.
Әйелінен сескенген
Ауылдасына шай іш демейді.
Ерте тұрған жігіттің
Ырысы артық,
Ерте тұрған әйелдің
Бір ісі артық.
Жақсы жігіт,
Бір мінез ат дос сақтайды.
Жақсы әйел,
Бір ішер ас сақтайды.
Асыл әйел –
Әрі еркек, әрі қатын.
Жақсы әйел теңі жоқ жолдас,
Түбі жоқ сырлас.
Жақсы әйел – ырыс,
Жаман әйел – ұрыс.
Әйелі жоқ үй – жетім.
Әйел сырын әйелден сұра.
Әйелдер аз сөйлесе, ер адам көп нәрсеген қол жеткізер еді
Сені жаман әйелден Құдай сақтасын, жақсысынан өзің құтыл