Бөлім: «Мақал-мәтелдер жинағы»
Мақал — нақыл сөз. Ол өмірдегі түрлі құбылысты жинақтап, түйіп, ықшамдап беріп, бір не екі тармақтан тұратын, алдыңғы жолдарында пайымдап, соңғы жолдарында қорытылған ой айтатын халықтық бейнелі поэтикалық жанрдың бір түрі, ғасырлардан екшеліп жеткен терең мазмұнды, тақырып аясы кең сөз мәйегі. Мақалдар көбіне өлең үлгісінде кейде қара сөзбен де айтылады. Ұйқасқа (“Қайраңы жоқ көлден без, қайырымы жоқ ерден без”), аллитерацияға (“Етігін шешпей ер шыңаймас”), ассонансқа (“Қатты жерге қақ тұрар, Қайратты ерге бақ тұрар”) құрылады. Мақалдар тура және ауыспалы мағынада қолданылады. Ауыспалы мағынадағы сөздер ішкі астары бар, тұтас бір ойды білдіреді (“Бір жеңнен қол шығар, бір жағадан бас шығар”), (“Ырысқа қарай ұл өсер, Қонысқа қарай мал өсер”), (“Ел — ырыстың орманы, ер — ырыстың қорғаны”), (“Ер жігіт үш ақ үй тігеді, үш қара үй тігеді”).
Мәтел — өзінің негізгі түйіндеуін кесіп айтпайтын, бір-бірімен кереғар шендестіруі жоқ, қорытындысы тұспалды, қысқа да нұсқа нақыл сөз. Мақалға өте жақын. Мәтел сыңар тармақ болып келеді. Сөз үстемелене келіп, мақалға айналады. Мысалы, “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке” — мәтел. “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке жолығасың” — мақал. Мәтел тура, ауыспалы, астарлы мағынада қолданылады. Мәтел адамның айтқан пікіріне ой қосады, сезімін әсерлі де айшықты жеткізеді. Ақын-жазушылардың ұтымды сөздерінің біразы Мақал-Мәтелге айналған: (“Ұылымды іздеп, дүниені көздеп” — Абай), (“Жалғанды жалпағынан басып өтіп” — Жамбыл, т.б.).

Көктемге жетсе, көтерем де тебеді.
Балық өзі өскен суын қимайды.
Есті қоян итке жеткізбес.
Көптің сөзіне күдік келтірме.
Көп отырған құс оққа ұшады.
Қоян өзінің қиынан да қорқады.
Ары бардың бетінде алау жанып тұрады.
Аңның да ары бар.
Ұры-ұрлатқанды кінәлайды.
Қанағатсыз ұры қазының үйіне түседі.
Ашыққан әдемі түс көреді.
Күннің көзі көрге де түседі.
Қонақ біткеннің құлағы түрік.
Жесірдің мұңын жесір ғана біледі.
Байып алған қайыршы,Байғұсқа қайыр бермейді.
Көрмеге келген көрсоқырдай.
Дерті бірдейлер демде ұғысады.
Жатқа жалданған жазда да жаурайды.
Жендеттің етін жолбарыс та жемейді.
Желкенді жел тұрғанда көтереді.
Қайнардың қасында қаталап өлмейсің.
Тәтті жұтып, ащы түкіреді.
Тауы биік болса, шатқалы да терең.
Адал болсаң арың сақталарАрам болсаң халқың сақтанар.Белгісіз автор
Ашқарақтың көзі тоймайды