Бөлім: «Мақал-мәтелдер жинағы»
Мақал — нақыл сөз. Ол өмірдегі түрлі құбылысты жинақтап, түйіп, ықшамдап беріп, бір не екі тармақтан тұратын, алдыңғы жолдарында пайымдап, соңғы жолдарында қорытылған ой айтатын халықтық бейнелі поэтикалық жанрдың бір түрі, ғасырлардан екшеліп жеткен терең мазмұнды, тақырып аясы кең сөз мәйегі. Мақалдар көбіне өлең үлгісінде кейде қара сөзбен де айтылады. Ұйқасқа (“Қайраңы жоқ көлден без, қайырымы жоқ ерден без”), аллитерацияға (“Етігін шешпей ер шыңаймас”), ассонансқа (“Қатты жерге қақ тұрар, Қайратты ерге бақ тұрар”) құрылады. Мақалдар тура және ауыспалы мағынада қолданылады. Ауыспалы мағынадағы сөздер ішкі астары бар, тұтас бір ойды білдіреді (“Бір жеңнен қол шығар, бір жағадан бас шығар”), (“Ырысқа қарай ұл өсер, Қонысқа қарай мал өсер”), (“Ел — ырыстың орманы, ер — ырыстың қорғаны”), (“Ер жігіт үш ақ үй тігеді, үш қара үй тігеді”).
Мәтел — өзінің негізгі түйіндеуін кесіп айтпайтын, бір-бірімен кереғар шендестіруі жоқ, қорытындысы тұспалды, қысқа да нұсқа нақыл сөз. Мақалға өте жақын. Мәтел сыңар тармақ болып келеді. Сөз үстемелене келіп, мақалға айналады. Мысалы, “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке” — мәтел. “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке жолығасың” — мақал. Мәтел тура, ауыспалы, астарлы мағынада қолданылады. Мәтел адамның айтқан пікіріне ой қосады, сезімін әсерлі де айшықты жеткізеді. Ақын-жазушылардың ұтымды сөздерінің біразы Мақал-Мәтелге айналған: (“Ұылымды іздеп, дүниені көздеп” — Абай), (“Жалғанды жалпағынан басып өтіп” — Жамбыл, т.б.).

Алып анадан туады, асыл анадан туады
Көкек өз атын өзі шақырады.
Бір адамға қадірің жүрмесе, Екінші адамға күлкі боласың
Істің ақырын жігіттің пақыр бітіреді
Ағашты желім қосады, Ағайынды келін қосады.
...Айтпаса – сөздің атасы өледі.
Қыз мінезді келсін
Сіз қаншалықты ақылды болсаңыз да, артта не болып жатқанын көре алмайсыз.
Өзен әрдайым аңғармен ағып тұрады және ешқашан тауға көтерілмейді.
Егер сіз біреуін алсаңыз,онда сізде басқасы жоқ.
Жақсы адам ұзақ өмір сүрмейді.
Ертерек қуанбаған дұрыс.
Көзде махаббат, ал жүрегінде өшпенділік.
Жалған айтатын және шыңдық айтатын ауыздар бір-бірінен ерекшеленбейді.
Өнер алды, қызыл тіл
Бос ұяда (яғни жұмыртқасыз ұяда) тауық отырмайды.
Орманда әлі де көп ағаш бар. (әдетте олар қалыңдық бас тартқан кезде күйеу жігітке жұбаныш айтады)
Жүз теңге болғаншаЖүз досың болсын
Ертегісіз өскен бала—рухани мүгедек адам.
Тәрбие тал бесіктен
Ай барлық жерде жарқырайды.
Әділдік бар жерде, татулық та бар.Татулық бар жерде, бақыт та бар. Бақыт бар жерде, керемет өмір бар.
Әминадай сенімдіге тиіскен сыбағасын алады
Таңертеңгі аштық кешкі аштыққа қарағанда нашар.
Сірне қайда, сонда шыбындар бар.