meta charset="utf-8"> Қазақша портал

Бөлім: «Мақал-мәтелдер жинағы»

   Мақал — нақыл сөз. Ол өмірдегі түрлі құбылысты жинақтап, түйіп, ықшамдап беріп, бір не екі тармақтан тұратын, алдыңғы жолдарында пайымдап, соңғы жолдарында қорытылған ой айтатын халықтық бейнелі поэтикалық жанрдың бір түрі, ғасырлардан екшеліп жеткен терең мазмұнды, тақырып аясы кең сөз мәйегі. Мақалдар көбіне өлең үлгісінде кейде қара сөзбен де айтылады. Ұйқасқа (“Қайраңы жоқ көлден без, қайырымы жоқ ерден без”), аллитерацияға (“Етігін шешпей ер шыңаймас”), ассонансқа (“Қатты жерге қақ тұрар, Қайратты ерге бақ тұрар”) құрылады. Мақалдар тура және ауыспалы мағынада қолданылады. Ауыспалы мағынадағы сөздер ішкі астары бар, тұтас бір ойды білдіреді (“Бір жеңнен қол шығар, бір жағадан бас шығар”), (“Ырысқа қарай ұл өсер, Қонысқа қарай мал өсер”), (“Ел — ырыстың орманы, ер — ырыстың қорғаны”), (“Ер жігіт үш ақ үй тігеді, үш қара үй тігеді”).
   Мәтел — өзінің негізгі түйіндеуін кесіп айтпайтын, бір-бірімен кереғар шендестіруі жоқ, қорытындысы тұспалды, қысқа да нұсқа нақыл сөз. Мақалға өте жақын. Мәтел сыңар тармақ болып келеді. Сөз үстемелене келіп, мақалға айналады. Мысалы, “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке” — мәтел. “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке жолығасың” — мақал. Мәтел тура, ауыспалы, астарлы мағынада қолданылады. Мәтел адамның айтқан пікіріне ой қосады, сезімін әсерлі де айшықты жеткізеді. Ақын-жазушылардың ұтымды сөздерінің біразы Мақал-Мәтелге айналған: (“Ұылымды іздеп, дүниені көздеп” — Абай), (“Жалғанды жалпағынан басып өтіп” — Жамбыл, т.б.).
Жігіт өлсе, асқар тау құлағанымен бірдейКәрі өлсе, жылағанның шықсын көзі,Өлмейтін - патша Құдай жалғыз өзі."Жігіт өлсе, асқар тау құлағанымен..
©  Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы
Бүгін көрген – таңда жоқБіз келдік аман-есен бес жыл жүріп,Өткізіп әр нәубетті қолдан беріп."Бүгін көрген – таңда жоқ," - деген заман,Жолықтық..
©  Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы
Әулие өлік емес, тірік"Әулие өлік емес, тірік," - деген,Қолдай гөр біздей кәріп бейшараны!Шам сөніп, болды дүние - қараңғы үйдей,Кеттің ғой бір..
©  Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы
Аққа пәле жуымасЖуымас аққа пәле деген сөз бар,Қалас боп құтыларсың бір күн ақыр...(Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы "Мәшһүр Жүсіптің Мәдиге сәлемі").
©  Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы
Ерден иман құтылмас"Ерден иман құтылмас, "- деген сөз бар,Дүниені шашып-төгіп Мекке барған.(Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы "Ізбас қажы").
©  Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы
Бір тойған - шала байлықНе болар жеген тамақ арын сатып,Тұрған жоқ еріп іші, сені ұнатып!"Бір тойған - шала байлық," - деген қазақҚызығып тойғандыққа..
©  Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы
Ойын[да] [озған]шында озарДүние тап, еңбекқыл да өнерменен,Мақал бар: "Ойын[да] [озған]шында озар!"- деген.(Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы "Ағашсыз жапырақ").
©  Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы
Еккен орар, - деген сөз, - берген алар"Еккен орар, - деген сөз, - берген алар", -Көрдің бе бәйге алғанды қарап тұрып?!(Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы "Қолыма..
©  Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы
Әйелге сенбе – діні жоқ,Суға сенбе – түбі жоқ"Әйелге сенбе – діні жоқ,Суға сенбе – түбі жоқ",Бекер сөзге мас болып,Далада жатып не етелік!
Теңі келсе, тегін берТөлеген ерді көрейін,Мен де жорға мінейін,"Теңі келсе, тегін бер",Жақтырса сені берейін.("Қыз Жібек (Мұсабай жырау нұсқасы)"...
Ат қазықтан кетпейдіАттан түсе қалып жерді сипап қарады, қазықты тартып қолға алды, отыра алмай долданды. "Ат қазықтан кетпейді" деген сөз осыдан..
Айласыз ер тез өледі"Айласыз ер тез өледі"Деген сөзді қарашы."Айласыздан Аршылан Қолға түсті" деген сөз бар,Осыны байқап қарашы.("Нәрік". Бабалар..
Көп сөйлеген көп қате жібереді"Көп сөйлеген көп қате жібереді" деген сөз бар. Қожа, намаз оқыған кезде қате жібересің бе?- дейді.("Қожанасыр мен Жұқа..
Көп сөз – күміс, үндемеу – алтынАл сендер, құдайға шүкір, ересек адамсыңдар, көп сөз – күміс, үндемеу – алтын екенін білулерің керек қой, - деген..
Піскен астың күйігі жаман. Таңертеңгі ас – тәңірденӘрі ойлап, бері ойлап: "Піскен астың күйігі жаман", "таңертеңгі ас – тәңірден" деген..
Алапесті үйге кіргізбе, құйрығын жерге тигізбе"Алапесті үйге кіргізбе, құйрығын жерге тигізбе" дейді. Алапес, қазақ ұғымында, ем қонбайтын дерт...
Баталы құл арымас, батасыз құл жарымас"Баталы құл арымас, батасыз құл жарымас" делінген сөз осындайдан айтылған. Естіген сөзімнен сөз қалмасын..
Аталы жұрт – ару ел. Елге ел қосылмаса да, адамға адам қосылады– Шырағым, "аталы жұрт – ару ел" деген, "елге ел қосылмаса да, адамға адам қосылады"..
Ханда қырық кісінің ақылы бар"Ханда қырық кісінің ақылы бар" деуші еді.("Абылай хан туралы аңыздар". Бабалар сөзі. 86-том. -272-б., 2012. 100 томдық).
Халық айныса, хан түзейді, май айныса, тұз түзейдіБұрынғылар айтпап па еді: "Халық айныса, хан түзейді, май айныса, тұз түзейді" деп, халық қатығы..
Жасы кіші деме, ақылы жақса, ата қой"Жасы кіші деме, ақылы жақса, ата қой" деген мәтел сонан бері тараған екен деседі қарттар.("Абылай хан туралы..
Ашулының алдында тұрма"Ашулының алдында тұрма" деген, ал көшіңіз, қара қазанды асулы бойымен жұртқа қалдырыңыз. "Түс – түлкінің боғы", жақсыға..
Үйге кірген құр шықпайды, көрге кірген тірі шықпайды- "Үйге кірген құр шықпайды, көрге кірген тірі шықпайды" деген. Енді мен шықпаймын,—деп сіресіп..
Аталы сөзге арсыз таласады- Бұған не айтамыз? "Аталы сөзге арсыз таласады" деген, - депті.("Абылай хан туралы аңыздар". Бабалар сөзі. 86-том. 159-б...
Қардың басын қар алады, ханның басын хан алады"Қардың басын қар алады, ханның басын хан алады" деуші еді.("Абылай хан туралы аңыздар". Бабалар сөзі...