meta charset="utf-8"> Қазақша портал

Бөлім: «Мақал-мәтелдер жинағы»

   Мақал — нақыл сөз. Ол өмірдегі түрлі құбылысты жинақтап, түйіп, ықшамдап беріп, бір не екі тармақтан тұратын, алдыңғы жолдарында пайымдап, соңғы жолдарында қорытылған ой айтатын халықтық бейнелі поэтикалық жанрдың бір түрі, ғасырлардан екшеліп жеткен терең мазмұнды, тақырып аясы кең сөз мәйегі. Мақалдар көбіне өлең үлгісінде кейде қара сөзбен де айтылады. Ұйқасқа (“Қайраңы жоқ көлден без, қайырымы жоқ ерден без”), аллитерацияға (“Етігін шешпей ер шыңаймас”), ассонансқа (“Қатты жерге қақ тұрар, Қайратты ерге бақ тұрар”) құрылады. Мақалдар тура және ауыспалы мағынада қолданылады. Ауыспалы мағынадағы сөздер ішкі астары бар, тұтас бір ойды білдіреді (“Бір жеңнен қол шығар, бір жағадан бас шығар”), (“Ырысқа қарай ұл өсер, Қонысқа қарай мал өсер”), (“Ел — ырыстың орманы, ер — ырыстың қорғаны”), (“Ер жігіт үш ақ үй тігеді, үш қара үй тігеді”).
   Мәтел — өзінің негізгі түйіндеуін кесіп айтпайтын, бір-бірімен кереғар шендестіруі жоқ, қорытындысы тұспалды, қысқа да нұсқа нақыл сөз. Мақалға өте жақын. Мәтел сыңар тармақ болып келеді. Сөз үстемелене келіп, мақалға айналады. Мысалы, “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке” — мәтел. “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке жолығасың” — мақал. Мәтел тура, ауыспалы, астарлы мағынада қолданылады. Мәтел адамның айтқан пікіріне ой қосады, сезімін әсерлі де айшықты жеткізеді. Ақын-жазушылардың ұтымды сөздерінің біразы Мақал-Мәтелге айналған: (“Ұылымды іздеп, дүниені көздеп” — Абай), (“Жалғанды жалпағынан басып өтіп” — Жамбыл, т.б.).
Әйелімнің кеткеніне емес,Құтылғаныма жылаймын.
©  Ермахан Шайхыұлы
Шағым шын болмаса да,Шымбайға батады.
©  Ермахан Шайхыұлы
Әп-әдемі-ақ қыз еді,Негрге тиіп қор болды.
©  Ермахан Шайхыұлы
Күйеуінің ішкісі келгенде,Әйелінің тышқысы келеді.
©  Ермахан Шайхыұлы
Ұры мен сатушы бұйырмағанын жейді.
©  Ермахан Шайхыұлы
МАИ инспекторының азығы – жолда.
©  Ермахан Шайхыұлы
Қонақ есіктен,Ұры тесіктен кіреді.
©  Ермахан Шайхыұлы
Рэкеттен қорыққан,Сауда жасамас.
©  Ермахан Шайхыұлы
Атасы бардың жорғасы бар,Әжесі бардың дорбасы бар.Ағасы бардың «Вольвасы» бар,Тоқалы бардың сор басы бар.
©  Ермахан Шайхыұлы
Әйел аузы сөйлесе,Еркек аузы жоқ болады.
©  Ермахан Шайхыұлы
Екі бойдақ жабылса, қыздың соры.
©  Ермахан Шайхыұлы
Әйелге айлығыңды берсең де,Шайлығыңды берме.
©  Ермахан Шайхыұлы
Бір полиция екі парақорға татиды.
©  Ермахан Шайхыұлы
Қызға барсаң – қызып бар,Қызып барсаң – қызық бар.
©  Ермахан Шайхыұлы
Әйелдің шашы қысқа,Қулығы мен құрығы – ұзын.
©  Ермахан Шайхыұлы
«Рэкет» жоқ деме, жар астында,«Ұры жоқ» деме, тауар қасында.
©  Ермахан Шайхыұлы
Лауазым иесі орнынан түссе де,Билік айтуын қоймайды.
©  Ермахан Шайхыұлы
«Әкім біледі» деген өседі.«Өзім білемін» деген өшеді.
©  Ермахан Шайхыұлы
Тергеушісіз қылмыскер де«сайрамаған».
©  Ермахан Шайхыұлы
Жалғыз өзім сау болғанша,Көппен бірге «мал» болайын.
©  Ермахан Шайхыұлы
Бастықты есепшісі асырайды.
©  Ермахан Шайхыұлы
Өзіңе тартпаған ұлдың түбі – шикі.
©  Ермахан Шайхыұлы
Ұл өсірме, қыз өсір,Қалыңмалы оның кұл-көсір.
©  Ермахан Шайхыұлы
Демеуші болмаған фирмадан,Қаңырап тұрған ферма артық.
©  Ермахан Шайхыұлы