Ырыс туралы Мақал-мәтелдер жинағы ✍️


Мақал-мәтелдер жинағы: 69
Ақын өлеңдері жинағы: 17
Қанатты сөздер жинағы: 4
Әңгімелер жинағы: 1
Ертегілер жинағы: 1
Шығармалар жинағы: 1
Аңыздар жинағы: 2

Ұлың үйленсе — ырысың,
Қызың орын тапса — өрісің.
Әкесі бардың ырысы бар,
Інісі бардың тынысы бар.
Итің жақсы болса — ырысың,
Көршің жақсы болса — тынысың.
Жұмысы жоқтың ырысы жоқ.
Еңбектен қашпа,
Ырысыңды шашпа.
Ез —езер,
Езерден ырыс безер.
Іңірден жатқан — ырыссыз қалады.
Жақсы сөз — жан азығы.
Жақсы еңбек — ырыс қазығы.
Ерте тұрған жігіттің
Ырысы артық,
Ерте тұрған әйелдің
Бір ісі артық.
Жақсы туса – ел ырысы,
Жауын жауса – жер ырысы.
Жақсы лепес –
Жарым ырыс.
Жақсы адам елдің ырысы,
Жақсы сөз жанның тынысы.
Жақсы туса елдің ырысы,
Жаңбыр жауса жердің ырысы.
Ырыс қашса да, туыс қашпайды.
Жер – ырыстың кіндігі,
Білім – ырыстың тізгіні.
Жақсы әйел – ырыс,
Жаман әйел – ұрыс.
Өнер алды - бірлік, ырыс алды - тірлік.
Білім ауысады,
Ырыс жұғысады.