Егіншілік туралы Мақал-мәтелдер жинағы ✍️


Мақал-мәтелдер жинағы: 101
Аңыздар жинағы: 1

Кімнің тарысы піссе,Соның тауығы. 
Атына қарай —Тұрманы.Егініне қарай —Қырманы. 
Сөзі көп те, мәні жоқ,Сабаны көп те, дәні жоқ. 
Мақтаның анасы — жер,Атасы — су. 
Қарбыз, қауын — екі-үш ай сауын.
Күтімді егін бітімді.Бітімді егін түсімді.
Тары жеген — тарықпас. 
Тәжірибелі егіншіЕліменен кеңесер,Ел кеңесі аз десе,Жеріменен кеңесер. 
Масақтың — дәні тәтті. 
Бағбан болсаңБақ өсір.Балама депТағы өсір. 
Егінді күндіз егіп,Түнде суар.Гүлді күн көзіне егіп,Күнде суар. 
Жер байлықтың көзі,Еңбеккер иесінің өзі. 
Егініңді дөңге сал,Дөңге салсаң — көңге сал. 
Балық бәсін алады.Егін есесін алады 
Әйел — ерімен,Диқан — жерімен. 
Қатты жерге егін шықпас,Қаңғыған басқа білім жұқпас. 
Жүре-жүре арық қазсаң,Күле-күле су ішерсің. 
Ынтымақ — елдің ырысы.Ылғал — жердің ырысы. 
Еленем десең, елге жақ,Жер емем десең, жерге жақ. 
Жер тоймай — ел тоймайды. 
Бабасы еккенді,Баласы орады. 
Жазда шөпті жинасаң,Қыста мал азығыЖазда сөкті жинасаң,Қыста бала азығы. 
ЕтікшініБалға мен біз асырайды.ЕгіншініКетпеннің жүзі асырайды. 
Жақсы мұраптыңСоңынан су ереді.Жаман мұраптыңСоңынан шу ереді. 
Еріншек егіншіденЕлгезек масақшы озады.