Көңіл туралы Мақал-мәтелдер жинағы ✍️


Басқа: 1
Мақал-мәтелдер жинағы: 93
Жұмбақтар жинағы: 1
Балаларға арналған тақпақтар: 4
Ақын өлеңдері жинағы: 779
Жаңылтпаштар жинағы: 2
Қанатты сөздер жинағы: 62
Туындылар: 1
Әңгімелер жинағы: 16
Ертегілер жинағы: 2

Көз - бұлақ,
Көңіл - сынап.
Адам құлақтан азады,
Көңілден семіреді.
Арымақ, семірмек көңілден.
Дос досқа жалынса,
Достың көңілі алынады.
Достың көңілі бір атым насыбайдан қалады.
Құлақтан кірген суық сөз,
Көңілге барып мұз болар.
Көңіл жақсы болғаны – өмір жақсы болғаны.
Көзі көрместің
Көңілі сезбес.
Көңілі қаран
Жолдасынан айрылады.
Көп жасаған,
Құрдасынан айрылады.
Көз көрмей,
Көңіл сенбес.
Үйі жоқтың көңлінде
Алтын сарай жүреді.
Көңілім келсе – көлдеймін,
Көңілім келмесе – шөлдеймін.
Көзің барда көргенің –
Көңіліңе тергенің.
Көзден кетсе, көңілден кетеді.
Көзі сынық инемен
Көйлек тіге алмайсың.
Көңілі сынық құрбымен,
Ойнап-күле алмайсың.
Көңіл жетсе, бәрі жетер.
Сырқат пен семіру — көңілден.
Ер не көрмейді,
Ер көңіл не бермейді.
Көңілсіз басталған іс
Көпке бармайды.
Жүрек сүю үшін жаралған,
Көңіл түю үшін жаралған.
Оқып сөйлеме,
Көңіліңе тоқып сөйле!
Көңіл кірі айтса кетер,
Көйлек кірі жуса кетер.
Көз көрмей, көңіл сенбейді.
Көңілден қайыр,
Көзден мейір.
Көңілсізден күлкі шықпас.