meta charset="utf-8"> Қазақша портал

Бөлім: «Мақал-мәтелдер жинағы»

   Мақал — нақыл сөз. Ол өмірдегі түрлі құбылысты жинақтап, түйіп, ықшамдап беріп, бір не екі тармақтан тұратын, алдыңғы жолдарында пайымдап, соңғы жолдарында қорытылған ой айтатын халықтық бейнелі поэтикалық жанрдың бір түрі, ғасырлардан екшеліп жеткен терең мазмұнды, тақырып аясы кең сөз мәйегі. Мақалдар көбіне өлең үлгісінде кейде қара сөзбен де айтылады. Ұйқасқа (“Қайраңы жоқ көлден без, қайырымы жоқ ерден без”), аллитерацияға (“Етігін шешпей ер шыңаймас”), ассонансқа (“Қатты жерге қақ тұрар, Қайратты ерге бақ тұрар”) құрылады. Мақалдар тура және ауыспалы мағынада қолданылады. Ауыспалы мағынадағы сөздер ішкі астары бар, тұтас бір ойды білдіреді (“Бір жеңнен қол шығар, бір жағадан бас шығар”), (“Ырысқа қарай ұл өсер, Қонысқа қарай мал өсер”), (“Ел — ырыстың орманы, ер — ырыстың қорғаны”), (“Ер жігіт үш ақ үй тігеді, үш қара үй тігеді”).
   Мәтел — өзінің негізгі түйіндеуін кесіп айтпайтын, бір-бірімен кереғар шендестіруі жоқ, қорытындысы тұспалды, қысқа да нұсқа нақыл сөз. Мақалға өте жақын. Мәтел сыңар тармақ болып келеді. Сөз үстемелене келіп, мақалға айналады. Мысалы, “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке” — мәтел. “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке жолығасың” — мақал. Мәтел тура, ауыспалы, астарлы мағынада қолданылады. Мәтел адамның айтқан пікіріне ой қосады, сезімін әсерлі де айшықты жеткізеді. Ақын-жазушылардың ұтымды сөздерінің біразы Мақал-Мәтелге айналған: (“Ұылымды іздеп, дүниені көздеп” — Абай), (“Жалғанды жалпағынан басып өтіп” — Жамбыл, т.б.).
Ауылыңда қартың болса, жазып қойған хаттай болар,
Есік алдыңда төбең болса, ерттеп қойған аттай болар.
Ескі мақұл дауласса, сөздері асқар ала..
Алаудан тезек те, кезеп те жанады.
Есің барда, етек жап.
Қайратың барда, мал тап.
Рахаттың түбі кейіс,
Бейнеттің түбі кеңіс.
Аларда даусыз өнімді,
Саларда келіс егінді.
Әбігер көршің – бәрібір көршің.
Балды май – дәмді май.
Әр құжыраның өз шырағы бар.
Аспанға ұшқанмен, ешкі ғой.
Тегіс жерде кебіс мүдірмейді.
Шаттық кілті – сабырлық.
Істік те бар, жер де бар,
Тауық бірақ сенде бар.
Басыңда болса дарасы,
Сипаламай берер, қарашы.
Аш адамды әңгімемен асырамас.
Кешіру – айыпты өшіру.
Сен маған дабыл боп ұрынсаң да,
Мен сені сырнай боп сергітем.
Тіссіз иекке быламық та тиек.
Көлемі шамалы-ақ,
Ал нарқы ғаламат.
Жақыптың өлген ұлына,
Қасқырды тартпа құнына.
Дәмеленсең баюдан.
Қыл алып қал аюдан.
Қатын ақылсыз, бақа құйрықсыз.
Би жоқта құл жүреді жораға,
Ит жоқта шошқа үреді қорада.
Жақсы үйге түскен - келін болады,
Жаман үйге түскен келін - келсап болады.
Келген - дәулет, кеткен - бейнет.