meta charset="utf-8"> Қазақша портал

Бөлім: «Мақал-мәтелдер жинағы»

   Мақал — нақыл сөз. Ол өмірдегі түрлі құбылысты жинақтап, түйіп, ықшамдап беріп, бір не екі тармақтан тұратын, алдыңғы жолдарында пайымдап, соңғы жолдарында қорытылған ой айтатын халықтық бейнелі поэтикалық жанрдың бір түрі, ғасырлардан екшеліп жеткен терең мазмұнды, тақырып аясы кең сөз мәйегі. Мақалдар көбіне өлең үлгісінде кейде қара сөзбен де айтылады. Ұйқасқа (“Қайраңы жоқ көлден без, қайырымы жоқ ерден без”), аллитерацияға (“Етігін шешпей ер шыңаймас”), ассонансқа (“Қатты жерге қақ тұрар, Қайратты ерге бақ тұрар”) құрылады. Мақалдар тура және ауыспалы мағынада қолданылады. Ауыспалы мағынадағы сөздер ішкі астары бар, тұтас бір ойды білдіреді (“Бір жеңнен қол шығар, бір жағадан бас шығар”), (“Ырысқа қарай ұл өсер, Қонысқа қарай мал өсер”), (“Ел — ырыстың орманы, ер — ырыстың қорғаны”), (“Ер жігіт үш ақ үй тігеді, үш қара үй тігеді”).
   Мәтел — өзінің негізгі түйіндеуін кесіп айтпайтын, бір-бірімен кереғар шендестіруі жоқ, қорытындысы тұспалды, қысқа да нұсқа нақыл сөз. Мақалға өте жақын. Мәтел сыңар тармақ болып келеді. Сөз үстемелене келіп, мақалға айналады. Мысалы, “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке” — мәтел. “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке жолығасың” — мақал. Мәтел тура, ауыспалы, астарлы мағынада қолданылады. Мәтел адамның айтқан пікіріне ой қосады, сезімін әсерлі де айшықты жеткізеді. Ақын-жазушылардың ұтымды сөздерінің біразы Мақал-Мәтелге айналған: (“Ұылымды іздеп, дүниені көздеп” — Абай), (“Жалғанды жалпағынан басып өтіп” — Жамбыл, т.б.).
Еңбексіз әлем,
Күш кешеді әрең.
Ернінде сүттің дәмі тұр.
Аузыңды ашсаң,
Көмекейіңді жасырма.
Аз болса да күйінбе, мая болса қайтесің,
Көп болдыдеп қуанба, зая болса қайтесің.
Тау тауға қосылады десе нан,
Адам пиғылын оңғартты десе нанба.
Көріп алған көріктіден,
Көрмей алған текті артық.
Жаманға ас берсең үйіңнен шықпайды,
Өлікке ас берсең түсіңнен шықпайды.
Ата өлсе де атаны көрген өлмесін.
Жақсыдан жаман туса жыннан пайда болғаны,
Жаманнан жақсы туса нұрдан пайда болғаны.
Қатын оңса - қазына, оңбаса - қаза.
Жігітті құдай ұрарында жорта бастайды,
Байталды құдай ұрарында құлын тастайды.
Бұзаудың жүгіргені құлын қораға шейін.
Залым жайын залым білер,
Ғалым жайын ғалым білер.
Күлген күле жетер, артынан қуа жетер.
Жаптым жала жақтым күйе.
Қарт кісіні қадірле, өзің де қарт боларсың.
Балам жыланнан қашқандай, жазықтан да қаш.
Жаман істен ғана емес, жаман сөзден де сақтан.
Бостан-босқа қарғанба, саған кісі нанбайтын болар.
Алғаны жақсы жолықса, жігіт тағы жасарар.
Арбаның алдыңғы дөңгелегі қайда жүрсе,
Соңғы дөңгелегі сонда жүреді.
Мал баққан қошқардың жайын біледі.
Бір үй толған жансың, бір-біріңе меймансың.
Қайғылы кісі күлкі сүймес, ит жүйрігін түлкі сүймес.
Жалаңаш адам түс көрсе,
Жарты құлаш жарғақ көрер.