meta charset="utf-8"> Қазақша портал

Бөлім: «Мақал-мәтелдер жинағы»

   Мақал — нақыл сөз. Ол өмірдегі түрлі құбылысты жинақтап, түйіп, ықшамдап беріп, бір не екі тармақтан тұратын, алдыңғы жолдарында пайымдап, соңғы жолдарында қорытылған ой айтатын халықтық бейнелі поэтикалық жанрдың бір түрі, ғасырлардан екшеліп жеткен терең мазмұнды, тақырып аясы кең сөз мәйегі. Мақалдар көбіне өлең үлгісінде кейде қара сөзбен де айтылады. Ұйқасқа (“Қайраңы жоқ көлден без, қайырымы жоқ ерден без”), аллитерацияға (“Етігін шешпей ер шыңаймас”), ассонансқа (“Қатты жерге қақ тұрар, Қайратты ерге бақ тұрар”) құрылады. Мақалдар тура және ауыспалы мағынада қолданылады. Ауыспалы мағынадағы сөздер ішкі астары бар, тұтас бір ойды білдіреді (“Бір жеңнен қол шығар, бір жағадан бас шығар”), (“Ырысқа қарай ұл өсер, Қонысқа қарай мал өсер”), (“Ел — ырыстың орманы, ер — ырыстың қорғаны”), (“Ер жігіт үш ақ үй тігеді, үш қара үй тігеді”).
   Мәтел — өзінің негізгі түйіндеуін кесіп айтпайтын, бір-бірімен кереғар шендестіруі жоқ, қорытындысы тұспалды, қысқа да нұсқа нақыл сөз. Мақалға өте жақын. Мәтел сыңар тармақ болып келеді. Сөз үстемелене келіп, мақалға айналады. Мысалы, “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке” — мәтел. “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке жолығасың” — мақал. Мәтел тура, ауыспалы, астарлы мағынада қолданылады. Мәтел адамның айтқан пікіріне ой қосады, сезімін әсерлі де айшықты жеткізеді. Ақын-жазушылардың ұтымды сөздерінің біразы Мақал-Мәтелге айналған: (“Ұылымды іздеп, дүниені көздеп” — Абай), (“Жалғанды жалпағынан басып өтіп” — Жамбыл, т.б.).
Біліп тұрғанды, үйретіп қайтесің.
Наданды тәрбиелеп адам ете алмайсың.
Аяшының жүрегі күйеді,
Даяшының етегі күйеді.
Тұзы көп те емес,
Жоқ та емес.
Діліндегі – тілінде.
Таз адамға бұйра шашты ұнамас.
Қанды соғыс ерге сын,
Қаптаған жау елге сын.
Елдің көркі - ерімен,
Отан көркі - жерімен.
Ерлік қаза- өлтірмейді,
Ел көңілінен кетірмейді.
Серіктескен жандар
Жануардың да сертіне сенеді.
Сабан сенікі болмаса да,
Сабанхана өзіңдікі ғой.
Менмендік — мекерлік.
Менмен құдайын да танымайды.
Өзімдік тырнағым,
Өз арқамды тырнадым.
Айту — менің міндетім,
Тарту — сенің міндетің.
Мәңгілікке куәлігім жоқ менің,
Қас қағымның білмей қалдым өткенін.
Өзіндегі сұмды көрмей,
Көзімдегі қалды көреді.
Моншаның суынан маржан сүзеді.
Мың кәсіпке талпынсаң,
Бір кәсіптен айрыласың.
Сулы жер, нулы жер —
Құс біткенге туған жер.
Мың істі қатар бастағаннан ақшаң көбеймейді.
Зайыр етпесең де,
Залал етпе.
Мырза болсаң мешіт сал.
Қыста — көмірші,
Жазда — темірші.
Кейіс пен ләззат — егіз жұп.
Қыстың демі —
Кедейдің кебіні.