meta charset="utf-8"> Қазақша портал

Бөлім: «Мақал-мәтелдер жинағы»

   Мақал — нақыл сөз. Ол өмірдегі түрлі құбылысты жинақтап, түйіп, ықшамдап беріп, бір не екі тармақтан тұратын, алдыңғы жолдарында пайымдап, соңғы жолдарында қорытылған ой айтатын халықтық бейнелі поэтикалық жанрдың бір түрі, ғасырлардан екшеліп жеткен терең мазмұнды, тақырып аясы кең сөз мәйегі. Мақалдар көбіне өлең үлгісінде кейде қара сөзбен де айтылады. Ұйқасқа (“Қайраңы жоқ көлден без, қайырымы жоқ ерден без”), аллитерацияға (“Етігін шешпей ер шыңаймас”), ассонансқа (“Қатты жерге қақ тұрар, Қайратты ерге бақ тұрар”) құрылады. Мақалдар тура және ауыспалы мағынада қолданылады. Ауыспалы мағынадағы сөздер ішкі астары бар, тұтас бір ойды білдіреді (“Бір жеңнен қол шығар, бір жағадан бас шығар”), (“Ырысқа қарай ұл өсер, Қонысқа қарай мал өсер”), (“Ел — ырыстың орманы, ер — ырыстың қорғаны”), (“Ер жігіт үш ақ үй тігеді, үш қара үй тігеді”).
   Мәтел — өзінің негізгі түйіндеуін кесіп айтпайтын, бір-бірімен кереғар шендестіруі жоқ, қорытындысы тұспалды, қысқа да нұсқа нақыл сөз. Мақалға өте жақын. Мәтел сыңар тармақ болып келеді. Сөз үстемелене келіп, мақалға айналады. Мысалы, “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке” — мәтел. “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке жолығасың” — мақал. Мәтел тура, ауыспалы, астарлы мағынада қолданылады. Мәтел адамның айтқан пікіріне ой қосады, сезімін әсерлі де айшықты жеткізеді. Ақын-жазушылардың ұтымды сөздерінің біразы Мақал-Мәтелге айналған: (“Ұылымды іздеп, дүниені көздеп” — Абай), (“Жалғанды жалпағынан басып өтіп” — Жамбыл, т.б.).
Екі жүз көзден,
Екі іс артық.
Соқырдың ойы «Көзі бар көп асайды».
Құмырсқаға шық та – теңіз.
Заманың сенімен келіспесе де,
Сен заманыңмен керіспе.
Адалдық ана сүтінен де абзал.
Әркім өз қаласына әкім.
Әркімнің ойы – атағы,
Көсенің ойы – сақалы.
Екі есекке де есептен жем бере алмайды.
Жүрек туласа –
Кірпік буланады.
Өз үйіңде құмырсқа да – Сүлеймен.
Қалыңдық жасауына қарай назданады.
Қисайған жүк жолда құлайды.
Қасқырдың қарны тоймайды.
Асыққан –
Жігерін құм қып жасытқан.
Суға түспей,
Теңіз кешпейсің.
Сұлудың бетіндегі қалы да сүйкімді.
Жүз мысыққа бір тышқан.
Қос ізбен бір жол салайық.
Қылығы жоқтың –
Аузының құлыбы жоқ.
Жаманат хабар,
Жылдам тарар.
Жетпіс сүре,
Бір аят.
Жақсы аттың тісін ашып қарама, киесі болады.
Қатыны жастың жұрт көзінше жасын сұрама, әр нәрсенің жүйесі болады.
Байсыз әйел үйде тұрмас,
Баусыз оймақ қолда тұрмас.
Жаман әйел байына
Жалғыз атын сойғызар;
Жақсы әйел жолдасын
Жоқтан құрап тойғызар.
Қатын бастаған көш оңбас.