Бөлім: «Мақал-мәтелдер жинағы»
Мақал — нақыл сөз. Ол өмірдегі түрлі құбылысты жинақтап, түйіп, ықшамдап беріп, бір не екі тармақтан тұратын, алдыңғы жолдарында пайымдап, соңғы жолдарында қорытылған ой айтатын халықтық бейнелі поэтикалық жанрдың бір түрі, ғасырлардан екшеліп жеткен терең мазмұнды, тақырып аясы кең сөз мәйегі. Мақалдар көбіне өлең үлгісінде кейде қара сөзбен де айтылады. Ұйқасқа (“Қайраңы жоқ көлден без, қайырымы жоқ ерден без”), аллитерацияға (“Етігін шешпей ер шыңаймас”), ассонансқа (“Қатты жерге қақ тұрар, Қайратты ерге бақ тұрар”) құрылады. Мақалдар тура және ауыспалы мағынада қолданылады. Ауыспалы мағынадағы сөздер ішкі астары бар, тұтас бір ойды білдіреді (“Бір жеңнен қол шығар, бір жағадан бас шығар”), (“Ырысқа қарай ұл өсер, Қонысқа қарай мал өсер”), (“Ел — ырыстың орманы, ер — ырыстың қорғаны”), (“Ер жігіт үш ақ үй тігеді, үш қара үй тігеді”).
Мәтел — өзінің негізгі түйіндеуін кесіп айтпайтын, бір-бірімен кереғар шендестіруі жоқ, қорытындысы тұспалды, қысқа да нұсқа нақыл сөз. Мақалға өте жақын. Мәтел сыңар тармақ болып келеді. Сөз үстемелене келіп, мақалға айналады. Мысалы, “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке” — мәтел. “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке жолығасың” — мақал. Мәтел тура, ауыспалы, астарлы мағынада қолданылады. Мәтел адамның айтқан пікіріне ой қосады, сезімін әсерлі де айшықты жеткізеді. Ақын-жазушылардың ұтымды сөздерінің біразы Мақал-Мәтелге айналған: (“Ұылымды іздеп, дүниені көздеп” — Абай), (“Жалғанды жалпағынан басып өтіп” — Жамбыл, т.б.).
Мәтел — өзінің негізгі түйіндеуін кесіп айтпайтын, бір-бірімен кереғар шендестіруі жоқ, қорытындысы тұспалды, қысқа да нұсқа нақыл сөз. Мақалға өте жақын. Мәтел сыңар тармақ болып келеді. Сөз үстемелене келіп, мақалға айналады. Мысалы, “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке” — мәтел. “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке жолығасың” — мақал. Мәтел тура, ауыспалы, астарлы мағынада қолданылады. Мәтел адамның айтқан пікіріне ой қосады, сезімін әсерлі де айшықты жеткізеді. Ақын-жазушылардың ұтымды сөздерінің біразы Мақал-Мәтелге айналған: (“Ұылымды іздеп, дүниені көздеп” — Абай), (“Жалғанды жалпағынан басып өтіп” — Жамбыл, т.б.).
Әрекетсіз жоспар -жай ғана қиял ,ал жоспарсыз әрекет -былық. Жапон мақалы
Асау өзен өткелсіз болмас.Бұл мақал бір істің шешімін, түйінін таба алмай, қиналып тұрған адамға «Мұның да түйінін табылып қалар» деп ақыл ретінде..
© Түркі халықтары
Тесік суда білінер.Бұл мақал кейбір істі атқаруда төсін қағатын мақтаншақ адамға арнап айтылады.Өйткені ол атқарған істің жақсы-жаманы артынан..
© Түркі халықтары
Тезек қарда жатпас,Жақсы мен жаман қосылмас.Себебі тезек (жас жапа) өз ыстығымен қарды ерітіп жіберетіні сияқты, жақсы менжаман бір-бірімен ешқашан..
© Түркі халықтары
Пышақ қанша өткір болғанымен, өз сабын жона алмас.Бұл мақал өз ісін орындай алмай тұрып, басқалардың ісі жайында үлкен ой айтатын адамдарға арнап..
© Түркі халықтары
Жүгері басының сирегі жақсы.Себебі сирек болса – дəнді,қалың болса – дəнсіз болады. Бұл мақал күткен мақсатына аз шығынмен жетуге тырысатын еңбекқор..
© Түркі халықтары
Құрғақ қасық ауызға жарамас (жақпас),Құр сөз құлаққа жараспас (жақпас).Бұл мақал, егерде біреуден көмек сұрағың келсе, оған да сый-сияпат дайындауың..
© Түркі халықтары
Жаяудың аты – шарық, күші – азық.Бұл мақал ұзақ сапарға шыққанда осы екі нəрседен жапа шекпеу үшін алдын ала дайындық жасап алудың қажет екенін..
© Түркі халықтары
Балық(тың өзі) суда, көзі сыртта.Бұл мақал бір істі біліп тұрып, білместікке салынған арамза адамдарға арнап айтылады.
© Түркі халықтары
Құдықта су бар, иттің тұмсығы тимес.Армандаған ісіне қолыжетпейтін, яки біреулердің қолындағы ас пен затқа көзі түсіп, құмартса да, өзінің қолына..
© Түркі халықтары
Ол өткелді су əкетті.Бұл мақал болар іс болып қойды. Енді орнына қайтып келмейді. Оған өкінудің қажеті жоқ деген мағынада қолданылады.
© Түркі халықтары
Көк темір тек тұрмас.Темір тиген жерін бүлдіріп, жаралап кетеді. Мұның бір мағынасы бар. Қырқыз,ябақу, қыпшақ, тағы басқа халықтар ант ішіп..
© Түркі халықтары
Бар – бақыр,Жоқ – алтын.Бар болса, мыстай қадырсыз; жоқ болса, алтындай қастерлі болады. Бұл мақал туған-туысқандарының арасында беймəлім жүрген..
© Түркі халықтары
Қос қылыш бір қынға сыймас.Бұл мақал екі адам бір іске таласқанда немесе екі жігіт бір қызға үйленбекші болғанда, соларға арнап айтылады. Хақания..
© Түркі халықтары
Сөгетке жұмсақтық (жарасар),Қайынға қаттылық (жарасар).Бұл мақал əрқандай заттың өз тегіне тартқаны дұрыс деген мағынада қолданылады.
© Түркі халықтары
Қара бұлтты жел ашар,Хан есігін пəре ашар.Бұл мақал ойға алған ісіңді тез бітіру үшін дүние-мүлікті аямай жұмсаған жөн дегенді уағыздайды.
© Түркі халықтары
Татсыз түрік болмас,Бассыз бөрік болмас. (Тат – оңбаған, арамза, опасыз деген мағынада).
© Түркі халықтары
Қырық жылға дейін баймен жарлы теңелер.Өлім-жітім мен заманның өзгеруіне орай, қырық жылға дейін бай мен жарлыныңтеңелетінін ескертеді бұл мақал.
© Түркі халықтары
Күл үрлегеннен, шоқ үрлеген жақсы.Бұл мақал ұсақ-түйек істен гөрі үлкен істі бастаған, істеген жақсы деп дəріптейді.
© Түркі халықтары
Құл – жау,Ит – бөрі.Құл өзінің қожайынының малын қолына түсірсе, дереу құртып жібереді. Мүмкіндік тапса, қашып кетуді ойлайды. Ит те, үй иесіне..
© Түркі халықтары