Бөлім: «Мақал-мәтелдер жинағы»
Мақал — нақыл сөз. Ол өмірдегі түрлі құбылысты жинақтап, түйіп, ықшамдап беріп, бір не екі тармақтан тұратын, алдыңғы жолдарында пайымдап, соңғы жолдарында қорытылған ой айтатын халықтық бейнелі поэтикалық жанрдың бір түрі, ғасырлардан екшеліп жеткен терең мазмұнды, тақырып аясы кең сөз мәйегі. Мақалдар көбіне өлең үлгісінде кейде қара сөзбен де айтылады. Ұйқасқа (“Қайраңы жоқ көлден без, қайырымы жоқ ерден без”), аллитерацияға (“Етігін шешпей ер шыңаймас”), ассонансқа (“Қатты жерге қақ тұрар, Қайратты ерге бақ тұрар”) құрылады. Мақалдар тура және ауыспалы мағынада қолданылады. Ауыспалы мағынадағы сөздер ішкі астары бар, тұтас бір ойды білдіреді (“Бір жеңнен қол шығар, бір жағадан бас шығар”), (“Ырысқа қарай ұл өсер, Қонысқа қарай мал өсер”), (“Ел — ырыстың орманы, ер — ырыстың қорғаны”), (“Ер жігіт үш ақ үй тігеді, үш қара үй тігеді”).
Мәтел — өзінің негізгі түйіндеуін кесіп айтпайтын, бір-бірімен кереғар шендестіруі жоқ, қорытындысы тұспалды, қысқа да нұсқа нақыл сөз. Мақалға өте жақын. Мәтел сыңар тармақ болып келеді. Сөз үстемелене келіп, мақалға айналады. Мысалы, “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке” — мәтел. “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке жолығасың” — мақал. Мәтел тура, ауыспалы, астарлы мағынада қолданылады. Мәтел адамның айтқан пікіріне ой қосады, сезімін әсерлі де айшықты жеткізеді. Ақын-жазушылардың ұтымды сөздерінің біразы Мақал-Мәтелге айналған: (“Ұылымды іздеп, дүниені көздеп” — Абай), (“Жалғанды жалпағынан басып өтіп” — Жамбыл, т.б.).
Мәтел — өзінің негізгі түйіндеуін кесіп айтпайтын, бір-бірімен кереғар шендестіруі жоқ, қорытындысы тұспалды, қысқа да нұсқа нақыл сөз. Мақалға өте жақын. Мәтел сыңар тармақ болып келеді. Сөз үстемелене келіп, мақалға айналады. Мысалы, “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке” — мәтел. “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке жолығасың” — мақал. Мәтел тура, ауыспалы, астарлы мағынада қолданылады. Мәтел адамның айтқан пікіріне ой қосады, сезімін әсерлі де айшықты жеткізеді. Ақын-жазушылардың ұтымды сөздерінің біразы Мақал-Мәтелге айналған: (“Ұылымды іздеп, дүниені көздеп” — Абай), (“Жалғанды жалпағынан басып өтіп” — Жамбыл, т.б.).
Безілдек (жан) бөктергі ұстар,Əумесер (адам) лашын ұстар.Бұл мақал əрқашанда сабырлы болуға шақырып айтылады.
© Түркі халықтары
Болатын өгіз бұзауында-ақ белгілі.Бұл мақал болашағы зор жастарға арнап айтылады.
© Түркі халықтары
Астық бастыру теңізшінің ісі емес.Бұл мақал күші жетпейтін үлкен іске талпынған əлжуаз адамдарға арнап айтылған.
© Түркі халықтары
Ат қасқасы ай болмас.Бұл мақал кішкентай істі үлкейтіп көрсететін адамдарға арнап айтылады.
© Түркі халықтары
Есек айтар:Аман болса басым, теңізден де су ішермін.Бұл мақал өз мақсатына жету үшін ұзақ ғұмыр сүруге тырысқан адамдарға арнап айтылады.
© Түркі халықтары
Қалың (топ) қаз көсемсіз болмас.Бұл мақал қандай бір істе болмасын, жөн білетін кісіге жүгіну керектігін ескертіп айтылады.
© Түркі халықтары
Қызбенен күреспе,Қысырақпен жарыспа.Қызбенен күреспе. Өйткені ол күшті, сені жығып кетеді. Қысырақпенен жарыспа, себебі қысырақ байтал аттан əрі..
© Түркі халықтары
Жердің бастырығы – тау,Елдің бастырығы – бек.Бұл мақал жер тауларменен, ел бектермен тыныш тұрады. Қарапайым халықты бектер басып отырады деп..
© Түркі халықтары
Қанша ақымақ болса да, жолсерік жақсы,Қанша бұрыс болса да, даңғыл жол жақсы.
© Түркі халықтары
Көсеуі ұзын болса, қолы күймес.Бұл мақал қолғабыс жасайтын бала-шағасы көп жан рахат өмір сүреді деген мағынада қолданылады.
© Түркі халықтары
Қырдағы қырғауылды аулаймын деп,Үйдегі тауығыңды ұмытпа.Бұл мақал жоқ нəрсені іздеп, қолындағы барыңнан айырылып қалма дегенді насихаттайды.
© Түркі халықтары
Үйдегі бұзау өгіз болмас.Бұл мақал өз еңбегімен ел көзіне түсіп, құрметке бөленіп, бірақ ағайын-туғандардың арасында жас саналып жүрген кісілерге..
© Түркі халықтары
Құстың жаманы – сауысқан,Ағаштың жаманы – азған (итмұрын),Жердің жаманы – қаз(ыл)ған,Адамның жаманы – барсыған(дықтар). (Махмуд Қашқари бұл жерде..
© Түркі халықтары
Өлетін тышқан мысықтың тасағын қасыр.Өлімі біреуге байланысты адам сол маңнан айналсоқтап кете алмайтынына арнап айтылады осы мақал.
© Түркі халықтары
Кезіккен кісі өзің болмас,Жат пен жақын бірдей болмас.Кезіккен кісінің барлығы өзіңдей болмайды. Сондықтан шын сырыңды оған айта берме. Сондай-ақ жат..
© Түркі халықтары
Тілімен дастарқанға жетер.(Тілді адам бай дастарқанға жетеді).Əрбір адамның пейілі өзінің тілінен белгілі болады деп үгіттейді бұл мақал.
© Түркі халықтары