Жұмыс туралы Мақал-мәтелдер жинағы ✍️


Басқа: 4
Мақал-мәтелдер жинағы: 41
Жұмбақтар жинағы: 1
Балаларға арналған тақпақтар: 38
Ақын өлеңдері жинағы: 48
Жаңылтпаштар жинағы: 1
Қанатты сөздер жинағы: 115
Құттықтаулар, тілектер жинағы: 47
Туындылар: 2
Әңгімелер жинағы: 17
Ертегілер жинағы: 1
Шығармалар жинағы: 5
Анекдоттар, әзілдер жинағы: 8
Эсселер жинағы: 6

Айдап салдың малы өспес,
Алакелдің жұмысы бітпес.
Жақсы жұмыс - жанға тыныс.
Жұмысы бардың
Жүйкесі тыныш.
Жұмысқа жұғымы жоқтың
Жолдасқа жылымы жоқ.
Ұйқы — тынықтырады,
Жұмыс — шынықтырады.
Жұмыстың көзін тап,
Қисықтың ізін тап.
Жұмысы жоқтың ырысы жоқ.
Жемісті жұмыс
Жаныңды тындырады.
Сауық құмарлық
Сағыңды сындырады.
Қолыма жұмыс бергенің —
Жаныма тыныс бергенің.
Жақсы жұмыстан
Жан рахат алады.
Жаман жұмыстан,
Көңіл қалады.
Жұмыс қылып бой түзе.
Өнер қуып ой түзе.
Өзі ірі, еті тірі, жаны сірі —
Жұмыстың пірі.
Көңілсіз жұмыс — өнімсіз.
Жұмысы жемістінің —
Өмірі келісті.
Жақсы болар жігіттің
Жұмыссыз жүрген күні жоқ.
Жаман болар жігіттің
Еш жұмысқа қыры жоқ.
Үдере көшкен уығын сындырады,
Жұмыла жұмыс істеген
Жұмысты тындырады.