Ерлік туралы Мақал-мәтелдер жинағы ✍️


Мақал-мәтелдер жинағы: 56
Балаларға арналған тақпақтар: 4
Ақын өлеңдері жинағы: 43
Қанатты сөздер жинағы: 55
Туындылар: 1
Әңгімелер жинағы: 8
Ертегілер жинағы: 2
Поэмалар: 2
Аңыздар жинағы: 5
Эсселер жинағы: 5

Ер азамат белгісі -
Түзде мырза, үйде құл.
Алыспақ бар, атыспақ жоқ.
Еңбек те ептілікті тілейді,
Ерлік те ептілікті тіледі.
Жалынған қорған емес,
Жағалаған қорған.
Жауға жаныңды берсең де, сырыңды берме.
Кебенек киген келеді,
Кебін киген келмейді.
Жақсы аттың жалын сақтағанша,
Жақсы ердің көңілін сақта.
Қауғадан шошынған мал оңбас,
Жаудан шошынған ер оңбас.
Өзің өлсең өл,
Жолдасыңды жауға берме.
Таспа, тасыған су да қайтар.
Жүректе қаһар жалындаса,
Бойда қайрат арындар.
Ұланы бар елдің ұраны бар.
Ерлік білектен емес, жүректен.
Қабырғалы қара нар,
Қабырғасын сөксе бақ етпес.
Сарымай сасымас,
Батыр саспас.
Ер өлсе де, аты өлмейді.
Күшті кісі алып та жығады,
Шалып та жығады.
Айнымас жүрек, ер көңіл,
Ер жігіттің серігі.
Алып - анадан, ат - биеден.
Ұранды ердің - ұрпағы қайсар.
Сөзде тұру — ерлік,
Сөзді жұту — қорлық.
Ерлікте шек жоқ,
Жақсыда кек жоқ.