Түлкі туралы Мақал-мәтелдер жинағы ✍️


Басқа: 4
Мақал-мәтелдер жинағы: 34
Жұмбақтар жинағы: 11
Балаларға арналған тақпақтар: 7
Ақын өлеңдері жинағы: 49
Жаңылтпаштар жинағы: 1
Қанатты сөздер жинағы: 6
Туындылар: 1
Әңгімелер жинағы: 14
Ертегілер жинағы: 30
Анекдоттар, әзілдер жинағы: 2
Аңыздар жинағы: 1

Түлкі түгінен жазар,
Бай малынан жазар.
Әр таудың түлкісін, әдісін білген тазы алады.
Түлкінің қызылдығы өзіне сор.
Түлкі түсінде
Тауық көреді.
Түлкіні түн асырайды.
Түлкі құрсақ ұйықта,
Сергек оян, бұйықпа.
Түлкінің алдағанынан,
Арыстанның талағаны артық.
Түлкі жатарында
Жер таңдамайды.
Айлалы түлкі алдырмас.