meta charset="utf-8"> Қазақша портал

Бөлім: «Мақал-мәтелдер жинағы»

   Мақал — нақыл сөз. Ол өмірдегі түрлі құбылысты жинақтап, түйіп, ықшамдап беріп, бір не екі тармақтан тұратын, алдыңғы жолдарында пайымдап, соңғы жолдарында қорытылған ой айтатын халықтық бейнелі поэтикалық жанрдың бір түрі, ғасырлардан екшеліп жеткен терең мазмұнды, тақырып аясы кең сөз мәйегі. Мақалдар көбіне өлең үлгісінде кейде қара сөзбен де айтылады. Ұйқасқа (“Қайраңы жоқ көлден без, қайырымы жоқ ерден без”), аллитерацияға (“Етігін шешпей ер шыңаймас”), ассонансқа (“Қатты жерге қақ тұрар, Қайратты ерге бақ тұрар”) құрылады. Мақалдар тура және ауыспалы мағынада қолданылады. Ауыспалы мағынадағы сөздер ішкі астары бар, тұтас бір ойды білдіреді (“Бір жеңнен қол шығар, бір жағадан бас шығар”), (“Ырысқа қарай ұл өсер, Қонысқа қарай мал өсер”), (“Ел — ырыстың орманы, ер — ырыстың қорғаны”), (“Ер жігіт үш ақ үй тігеді, үш қара үй тігеді”).
   Мәтел — өзінің негізгі түйіндеуін кесіп айтпайтын, бір-бірімен кереғар шендестіруі жоқ, қорытындысы тұспалды, қысқа да нұсқа нақыл сөз. Мақалға өте жақын. Мәтел сыңар тармақ болып келеді. Сөз үстемелене келіп, мақалға айналады. Мысалы, “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке” — мәтел. “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке жолығасың” — мақал. Мәтел тура, ауыспалы, астарлы мағынада қолданылады. Мәтел адамның айтқан пікіріне ой қосады, сезімін әсерлі де айшықты жеткізеді. Ақын-жазушылардың ұтымды сөздерінің біразы Мақал-Мәтелге айналған: (“Ұылымды іздеп, дүниені көздеп” — Абай), (“Жалғанды жалпағынан басып өтіп” — Жамбыл, т.б.).
Түлкі ініне қарап үрсе,
Түрінен айрылады.
Оймақ ауыздан шыққан сөз
Отыз руға тарайды.
Жолы болар жігіттің жеңгесі шығар алдынан.
Атың жақсы болса, алысты жақындатады.
Ырыстымен оттас бол.
Жүктің ауырын нар көтереді.
Желден – шаншу жаман,
Сөзден – қаңқу жаман.
Атың жақсы болса — жолдың жырағы,
Ұлың жақсы болса — көңіл шырағы.
Жігітке намыс – қымбат, ар – ауыр.
Туарына қуанба,
Тұрарына қуан.
Мазасыз жерден май түсер.
Атын атағаның,
Батасын алғаның.
Өзі де қомағай,
Көзі де қомағай.
Ауруың қайда болса, жаның да сонда.
Көршің қорқақ болса,
Үрейіңді ұшырып бітеді.
Ауруын жасырған өледі.
Ағайынын жасырған бүлінеді.
Уәде бұзған кісіден
Өтіп кеткен жел артық.
Ат ерінді келеді,
Ер мұрынды келеді.
Тісің кетік болса да, көңілің бітік.
Ұялғаннан қара жер қақ жарылар.
Қайғылы әйел қара жамылғыш.
Ауылың ала болса,
Ала атың құла болар.
Желмен жарыспа, көлеңкені қума.
Ет қадірін – ашыққан біледі,
Жол қадірін – тарыққан біледі.
Иесі арам болса,
Биесі шабан болады.